Фото: egemen.kz/Қырмызы Жұмағалиқызы
Ерлі-зайыпты ем алушылар Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығынан шығарылып, Жетісайға жеткізілген. Олар емін Жетісай аудандық орталық ауруханасында жалғастырып жатыр.
«Екі науқас та күйік жарақатынан кейінгі кезең үшін қажетті емді қабылдап жатыр. Аппаратсыз өздері дем алуда, өмірлік маңызды көрсеткіштері тұрақты. Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жалғасып жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында», делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Бұған дейін ем алып жатқан 7 жастағы қыздың ауруханада көз жұмғанын хабарлағанбыз.
Өрт тұрғын үйдің 360 шаршы метрін қамтыған.
Кейіннен құзырлы органдар оқиға орнынан фото-видеолар жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкіміне барлық қажетті көмек көрсетуді және қайғылы оқиғаның себебін анықтауды тапсырды.