Қаржы • 10 Желтоқсан, 2025
Несиені төлей алмасам, не болады?
Заңгер Рауан ЕСБЕРГЕН жауабы: – Несие алып, төлей алмай қиналып жүрген адам өте көп. Бірі жұмыссыз қалса, бірі сырқаттанып, шығынға батады. Күтпеген жағдайда табысынан айырылатындар да бар. Бірақ бәрінің көкейінде бір ғана сұрақ маздап тұрады: «Кредит төленбей қалса не болады?». Осыны ашық ұғынып алмаса, он есе қатты уайымдайды. Сондықтан толық түсіндіріп берейін.
Экономика • 29 Қараша, 2025
Инфрақұрылым игілігі мен экологиялық жауапкершілік
Кейінгі жылдары еліміздің экономика мен экологиялық саясатында жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл – мемлекетке артық салмақ салмай, өз табысын өзі тауып, соны қайта халық игілігіне бағыттайтын жаңа модель. Мысалы, бір жағынан ақылы жолдар қозғалысты қауіпсіз әрі сапалы ету арқылы өз-өзін қаржыландыратын жүйеге айналса, екінші жағынан, «Жасыл даму» компаниясы табиғатты қорғау, экологиялық қатерлерді жою әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ірі жобаларды іске асырып отыр.
Сараптама • 28 Қараша, 2025
Депозиттен қомақты табыс табуға бола ма?
Инвестор Аман Әлімбаевтың жауабы: – Инвестиция туралы ойланатын азаматтардың көбі алдымен қарапайым әрі түсінікті жолды іздейді. Ақша депозиттің өзінен-ақ жоғары табыс берсе екен дейді. Осындай сұранысқа арналған арнайы портфельдер бар. Бұл портфельдер әр адамның мақсатына, табысына, тәуекелге деген көзқарасына қарай жинақталады. Ең бастысы, ақша жүйелі түрде жұмыс істей бастайды.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Салықты да бөліп төлеуге болады
Елімізде енді салық төлеушілерге қарызды бірден емес, бөліп төлеу немесе кейінге шегеру мүмкіндігі енгізілмек. Қаржы министрлігі салық, төлем, өсімпұл бойынша қарызды төлеуге қатысты жаңа ережелер бекітті.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Еларалық келісімге қол қойылды
Үкімет үйінің ғимаратында Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізде ресми сапармен жүрген Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі өтті.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Қойнауына қазына бүккен аймақ көп: Отандық геологияда жаңа кезең бастала ма?
Елдегі геологиялық карталардың дәлдігі уақыт талабынан қалып қойды. Пайдалы қазбаларға бай өңірлерде жаңа деректерге қажеттілік өсті. Ұлттық геологиялық қызметтің басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев бізге берген сұхбатында карталардың ескіру себептерін, жаңарту жолдарын және цифрлық трансформация қалай іске асатынын кеңінен түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Қараша, 2025
Жаңа экономикалық бағдардың мүмкіндігі
Ел экономикасындағы басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы мақсатта Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, арнайы бағдарлама қабылдады. Табыс өсімі тұрақты болуы қажет деген ұстаныммен аталған құрылымдар өз саясатын біріктіріп отыр.
Саясат • 20 Қараша, 2025
Халықтың табысын ұлғайту бағдарламасы қабылданды
Үкімет отырысында қауіпсіздік, экономикалық жоспар, несие саясатына қатысты маңызды шешімдер қабылданды. Түркістанда бірнеше адамның өмірін қиған өрттен кейін бақылау күшейтіліп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Үкімет экономиканы сапалы өсіруге бағытталған жаңа үшжылдық бағдарламаны жариялады. Несие беру ережелері де жаңарып, халықтың қарызға белшеден батуының алдын алу шаралары енгізілді.
Теңге • 15 Қараша, 2025
Қағаз ақшадан цифрлық теңгеге дейін
Ұлттық валютаның эволюциясы көз алдымызда өтіп келеді. Ақша бұрын қалтада жүретін, кейін картаға көшті. Енді тіпті код түріндегі қаржы дегенге әуелгідей таңырқамайтын болдық. Өйткені цифрлық теңге сынақтан өтіп жатыр, криптовалюта мен стейблкоин қолданысқа еніп келеді. Осылайша, қаржының жаңа дәуірі есік қағып тұр. Еліміз осы өзгерістердің бел ортасында жүр десек, артық айтқандық емес.