Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
644 материал табылды

Саясат • 09 Қаңтар, 2025

Келелі кездесулер жалғасты

Жаңа жыл басталысымен өңірлерге сапарға шыққан Сенат депутаттарының жергілікті халықпен келелі кездесулер легі жалғасын тапты. Олар жұртшылықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, ауылдың жағдайымен танысумен қатар, Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтылған өзекті мәселелерді де халықпен бірге талқылап жатыр.

Құқық • 09 Қаңтар, 2025

Жол жауапсыздықты көтермейді

3 қаңтарда Астана-Щучинск жол учаскесінде ақтүтек боран­ның салдарынан 95 көлік ірі жол апатына ұшырағаны белгілі. Полицияның хабарлауынша, қазіргі таңда оқи­ға­­­ға кінәлілер анықталып жатыр.

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Замана талабынан туған заңдар

2024 жыл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заңдардың қабылдануымен ерекшеленді. Бұл заңдар қоғам тарапынан айтылып жатқан орынды талаптардың ескерілгенін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын үлгісін көрсетті.

Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024

Ершат ОҢҒАР: Зияткер азамат қалыптастыруды мақсат етеміз

Діннің атын жамылып, дүдәмал сенімдерін таратуды көздейтін түрлі бүлдіргі ағымдар бой көтерген заманда дұрыс діни білім беру – мемлекет алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Осы орайда тәуелсіздік жылдары елімізде діни білім беретін университет пен бірнеше медресе бой көтерді. Бүгінде бұл салада қандай жұмыс жүріп жатқанын білу мақсатында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD, танымал дінтанушы Ершат Оңғарды әңгімеге тарттық.

Заң мен Тәртіп • 28 Желтоқсан, 2024

Қоғамды әділ заң түзейді

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақ­станды құрып, оны болашақ ұрпаққа лайықты тапсыру баршамызға ортақ міндет екенін атап айтты. Бұл үшін ең алдымен заң мен тәртіп үстемдік құратын қоғам қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта биыл елімізде бірқатар ділгір заң қабылданды. Соның бірі – 15 сәуірде Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.

Заң мен Тәртіп • 25 Желтоқсан, 2024

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен тәртіп қағидаты берік орныққан қоғам құру ең алдымен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен басталса керек. Бұл тұрғыда елімізде қоғам жегіқұртының жолын кесуге бағытталған шаралар қабыл­данып жатыр.

Заң мен Тәртіп • 20 Желтоқсан, 2024

Реформаның мақсаты – адам құқын құрметтеу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» дегені белгілі. Заңнан аттамайтын, тәртіпке бас иетін ұлтқа айналу үшін не істеу керек? Әділ әрі қауіпсіз қоғам құру жолында қандай өзгерістер қажет?

Әскер • 20 Желтоқсан, 2024

Әскеріміздің әлеуеті қандай?

Міне, азаттық алғанымызға да 33 жыл толып отыр. Тарих үшін қас қағым сәт болса да, адам үшін жарты ғұмырдың мөлшеріндей бірсыпыра уақыт. Біз осы тәуелсіздік жылдарын­да қуатты әскеріміз бен әскери-өндірістік кешенімізді қанша­лықты жасақтай алдық? Ел басына күн туса, әскери техникамыз бен бес қаруымыз сай ма? Жауға қарсы тойтарыс берердей қауқарымыз қандай?

Үкімет • 13 Желтоқсан, 2024

«Келешек» бағдарламасына қатысты заң мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарады.

Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024

«Ұлы» болудан неге қорқамыз?

«Тәуелсіздік» дегенде біз тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланған саяси азаттығымызды ғана есімізге алатынымыз рас. Иә, бұл – ұлы мерекеміз. Тәуелсіздіктен қымбат қазынамыз да, байлығымыз да жоқ. Дегенмен халқымыздың рухани, мәдени, сана-сезім деңгейіндегі тәуелсіздікке ұмтылысы одан ертерек басталған және бұған бүгінде 105 жылдығын тойлап отырған біздің басылымның қосқан үлесі зор.