
Қоғам • Кеше
Сот сараптамасы сенім деңгейін арттырады
Сот сараптамасы – сот төрелігі жүйесінің әділ әрі объективті шешімдер қабылдау үшін ғылыми негіз қамтамасыз ететін саласының бірі. Қылмыстарды тергеудің тиімділігі мен қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сараптамалық зерттеулердің сапасы мен шынайылығына тікелей байланысты.
Сенат • 03 Қазан, 2025
Көші-қон саласындағы ынтымақтастық
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Саясат • 01 Қазан, 2025
ЕКПА ел реформаларын жоғары бағалады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың іске асырылу барысы талқыланды. Франция Республикасына сапары аясында Палата спикері ЕКПА төрағасы Теодорос Русопулоспен, ЕКПА-ның Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Неметпен, ЕКПА-ның Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитетінің Төрағасы Бертран Буикспен және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Сондай-ақ «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Заң мен Тәртіп • 30 Қыркүйек, 2025
Әділ қоғам орнатудың алғышарты
Елдің дамуы мен қоғамның тұрақтылығы ең алдымен заң үстемдігі әрі тәртіпке бағыну мәдениетіне тікелей байланысты. Өйткені заң бар жерде құқық қорғалады, тәртіп бар қоғамда теңдік орнайды. Мемлекеттің іргесі берік болуы үшін заңның беделі биік тұруға тиіс, ал азаматтар өз кезегінде сол заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы қажет. Сондықтан да Президентіміз биылғы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекетіміздің мызғымас тұғыры деп айрықша атады.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2025
Электрондық сауда заңмен реттеледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, онда сенаторлар электрондық сауда мәселелері туралы заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2025
Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ: Тілдің болашағын технологиялық кеңістіктегі орны айқындайды
– «Қазақ тілі» қоғамының тізгінін ұстағаныңызға үш жылға жуық уақыт өтіпті. Осы аралықта қоғам өмірінде қандай тың бетбұрыс пен бастама қолға алынды?
Форум • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз бауырластығы – бабалар аманаты
Алатаудың арғы-бергі бетін тең жайлаған қазақ-қырғыз бауырластығы – сан ғасырға жалғасқан достық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Бейбіт өмірдің қызығын бірге кешкен екі жұрт ел басына күн туған қиын шақта да бір-біріне тірек бола білді. Ал бүгінде тәуелсіз мемлекеттер ретінде байланыстарын жаңа белеске көтеріп, өзара ынтымақ пен бірлікке бастайтын іс-шараларда бас қосып келеді. Соның бірі – көп жылдан бері өтіп келе жатқан Қазақ-қырғыз зиялыларының форумдары.
Заң мен Тәртіп • 16 Қыркүйек, 2025
Құқық сауаты қылмыстың алдын алады
Алаяқтық – әділетті қоғамның қас жауы. «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанған мемлекетте тұрғындардың қалтасына қол салатын мұндай өрескел қылмыстарға жол берілмеуге тиіс. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының жан-жақты алдын алу жұмыстарына қарамастан, әзірге бұл кеселдің тамырына балта шабылды деуге ерте. Оның себебі – халықтың да құқықтық сауатының төмен болуы.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2025
Ержан БАЙБОЛ: Дін саласындағы жетістіктерді бағалау – маңызды міндет
Еліміздегі дінаралық диалог пен келісім – Мемлекет басшысының ұдайы назарындағы маңызды саланың бірі. Себебі ол – қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың, ел бірлігі мен жарасымының берік іргетасы. Осы орайда жуырда «Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен өткен дін саласындағы оқиғалар шежіресі. 2019–2024 жылдар» атты жаңа жинақ жарық көргелі жатыр. Бұл еңбекте кейінгі жылдардағы тағылымды бастамалар мен ел ауқымындағы мәнді іс-шаралар жүйеленіп берілген. Жинақтың мазмұны мен маңызы туралы толығырақ білу үшін біз кітап авторларының бірі, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша сарапшы Ержан Байболды әңгімеге тартқан едік.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Конго Демократиялық Республикасы: Тиімді серіктестіктің жауапты кезеңі
Кеше елордамызға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келіп, Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұраны орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына өтті.