
Айбын • 11 Желтоқсан, 2024
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің құрылу тарихы 1987 жылдан басталады. Бұл санаттағы бөлімшелердің еліміздегі алғашқы қарлығашы деп Алматы қаласы маңындағы Каменка кентінде құрылған 5-жедел бригаданы, яғни сол кездегі оқу-жаттығу ротасын айтуға болады.
Мәселе • 06 Желтоқсан, 2024
Терроризм қатері: алдын алудың өзектілігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарына экстремизммен және әсіре діншілдікпен ымырасыз күрес жүргізуге тапсырма бергені белгілі. Ол ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесу жөнінде айта келе: «Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс», деді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2024
Жылыту маусымының басталуына орай өрт қауіпсіздігін қадағалау іс-шаралары жалғасып жатыр. Соның бірі – газ қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бағытталған «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі» атты акция. Кейінгі жылдары Қарағанды облысындағы Теміртау қаласын газдандыру ісі қарқын алуымен, жергілікті тұрғындарды табиғи көгілдір отынды пайдалану ережелерін сақтауға үндеу, үгіт-насихат жұмысы да жиіледі.
Әскер • 03 Желтоқсан, 2024
1996 жылдың 30 қарашасында Қорғаныс министрлігі құрылымында заң қызметі құрылған еді. Сол кезден бері бұл күн жыл сайын Әскери заңгерлер күні ретінде атап өтіледі.
Үкімет • 29 Қараша, 2024
Аграрлық салада электрондық сауда дамиды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді беру туралы заң қаралды. Сондай-ақ сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.
Қоғам • 28 Қараша, 2024
Әділетті қоғам қайтсе орнайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында адалдықты басты орынға қойған әділ қоғамда жемқорлыққа жол берілмейтінін, әрдайым ел мүддесіне сай шешім қабылданатынын айтқаны белгілі. «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды», деді Президент.
Саясат • 22 Қараша, 2024
Парламентаралық байланыстың байыпты жолы
Халқымыз «Туыс – атадан, көрші – Алладан» дейді. Көршісі жақсы болғанның көңілі тыныш. Қазақ елінің айналасында құрлық арқылы шектесетін тәңір қосқан бес көршісі, теңіз арқылы шекараласатын екі қоңсысы бар. Бәрімен де дипломатиялық байланыс орнап, тату-тәтті қарым-қатынас жолға қойылған. Бұның ішінде солтүстігімізді жайлаған Ресей Федерациясының орны бөлек.
Сенат • 22 Қараша, 2024
Республикалық бюджет туралы заң Мәжіліске қайтарылды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында маңызды мәселелер қаралды. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Құқық • 22 Қараша, 2024
Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігінен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау тетіктерін және тәрбие жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылдауды талап етті.
Сұхбат • 21 Қараша, 2024
Бірнеше жыл бұрын елімізде Президент жарлығымен «Уақып» корпоративтік-қайырымдылық қоры құрылды. Қазір аталған қор Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанында жұмысын жүргізіп жатыр. Жалпы, «Уақып» дегеніміз не? Оның елге қандай пайдасы бар? Біз қор басшысының кеңесшісі, ұзақ жылдан бері осы тақырыпты зерттеп жүрген исламтанушы Қуат ҚАБДОЛДАНЫ әңгімеге тартқан едік.