
Сенат • 14 Мамыр, 2025
Қайраткерді мерейтойымен құттықтады
Сенатта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтановтың 80 жасқа толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне арналған құттықтау хатын Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.
Әскер • 13 Мамыр, 2025
«Шекара мұрагері» байқауы басталды
12-25 мамыр күндері ҰҚК Шекара қызметінде алғаш рет шекара маңы аудандарында тұратын балалар арасында «Шекара мұрагері» бейнероликтер байқауы өтпек.
Саясат • 13 Мамыр, 2025
Еріктілер жылына дайындық пысықталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының Халықаралық еріктілер жылын өткізу туралы тапсырмасын іске асырып келеді.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 15 мамырда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Инфографика • 09 Мамыр, 2025
Жыл өткен сайын сұрапыл соғыста елі мен жерін қорғаған майдангерлер қатары біртіндеп селдіреп бара жатыр. Жеңістің 70 жылдығын елімізде 5 мыңдай соғыс ардагері қарсы алған болса, биылғы 8 мамырдағы дерек бойынша солардан 105 майдангер ғана қалыпты. Бұл мақалада біз Жеңістің 80 жылдығын көру нәсіп болған бірқатар ардагерімізге арнайы тоқталғанды жөн көрдік.
Қоғам • 09 Мамыр, 2025
Ардагерлерге әрқашан қамқорлық қажет
Президент жыл басында «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Жеңістің 80 жылдығы аясында соғыс және тыл ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілетіні туралы айтқан еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 мамырдағы дерегінше, қазір елімізде 105 соғыс ардагері тұрады. Бұған қоса фашизмді жеңуге үлес қосқан 40 707 адам бар. Президент тапсырмасы шеңберінде оларды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың ауқымды іс-шаралары қолға алынды.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2025
Айбынды армия – тәуелсіздігіміздің берік қорғаны
7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. 2017 жылдан кейін араға 8 жыл салып қайта оралған айбынды шеру бір жағынан майдангерлер мен тыл ардагерлеріне тағзым ретінде, екінші жағынан бүгінгі әскеріміздің күш-қуатын паш ету мақсатында ұйымдастырылды.
Айбын • 07 Мамыр, 2025
Бітімгер күштер ел беделін көтереді
Еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. Осы уақыт ішінде 80 азамат байқаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысса, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан. Ал өткен жылдан бастап еліміз бітімгерлік қызметті дербес құраммен өз бетінше орындауға кірісті.
Айбын • 07 Мамыр, 2025
Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ: Біз әлемдік стандартқа сай әскер жасақтадық
Бірер күнде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі мереке аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың басым бөлігі Қорғаныс министрлігіне жүктелген. Отан қорғаушы күніне орай әрі Жеңіс күні қарсаңында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовты әңгімеге тартып, мерекеге дайындық барысы мен Қазақ армиясының бүгінгі жай-күйі жайында сөз қозғадық.
Әскер • 05 Мамыр, 2025
Еліміздің шығыстағы шекаралық өңірінің бірі – Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылы бүгін ерекше қарбаласқа толы. Өйткені, мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен қарақұрым халық жиналған. Олар ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өтетін Ант қабылдау рәсімін көрмек, деп жазады Egemen.kz.