Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
51 материал табылды

Технология • 13 Қараша, 2023

Роботтар асық атып, арқан тартты

Бүгінде темір техникалардың әлеуеті адамнан кем емес. Бәріне қабі­летті. Ал ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасқан роботтар тіптен ерекше. KazRoboSport-2023 роботтехникасы бойынша республикалық спорттық чемпионатында роботтар асық атып, арқан тартып, ақсүйек ойнап сынға түсті. Сондай-ақ жапондық сумодан да тартысты өнер көрсетті.

Ғылым • 09 Қараша, 2023

Өндірісті өрістететін жобалар

Кейінгі жылдары елімізде ғылымға жіті көңіл бөліне бастады. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отандық ғылымның кенжелеп қалып, көш соңында жүргенін айтқан. Бұған қоса, Президент ғылымды ілгерілетуге біршама бастама ұсынып, арнайы тапсырмалар берген еді. Әсіресе жас ғалымдарды қолдауға ден қойылып жатыр.

Аймақтар • 08 Қараша, 2023

Еліміздегі ең көне қорым

Шығыс Қазақстанның жартылай шөлейт даласында орналасқан Көкен қонысында қола дәуірінің қонысы астында қалған тас ғасырының бірнеше қабат шөгіндісі анықталды. Ежелгі қабаттардан табылған жерлеу орны біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдық ортасына немесе ерте неолит кезеңіне сәйкес келеді. Назарбаев университеті қаржыландырған TEECA археологиялық зерттеу тобы Абай облысындағы Көкен қонысы еліміздегі ең көне жерлеу қорымы болуы мүмкін деген болжам жасады.

Таным • 06 Қараша, 2023

Балабақшадағы тәрбиенің заманауи үрдістері

Баланың бақшаға баратын шағы – жауапты кезең. Өйткені ол қоғаммен енді араласа бастайды. Дәл осы сәт­те баланы тәрбиелеу жұ­мысы жүйелі жүр­гі­зілуі қажет. Осыған бай­ланысты Президент Іс басқармасы Медици­налық орталығының «Қар­лығаш» балабақ­ша­сы Президент орта­лы­­ғымен бірлесіп, «Мек­теп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқы­тудың заманауи үр­дістері» атты «QARLYGASH-2023» II халық­аралық ғылыми-прак­ти­калық конференциясын өткізді.

Мектеп • 03 Қараша, 2023

«Жайлы мектептің» жай-жапсары

Мектептегі орын тапшылығы елімізде өзекті мәселеге айналған. Үш ауысымда лық толып тұратын мектептер мен апатты жағдайда болса да, жұмыс істеп тұрған білім ордалары бар. Жағдайы жоқ мектепте жақсы білім бола қоюы екіталай. Оқушының сапалы, заманға сай білім алуына, әлбетте, заманауи жабдықтар қажет. Дегенмен бұл мәселелер жақын арада шешіледі деген үміт бар. Бұған себеп – тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы.

Технология • 20 Қазан, 2023

ChatGPT білімді қалай өзгертеді?

Жаһанды өзгертіп жатқан жасанды интеллект білім саласына да өз әсерін тигізетіні анық. Білім беру платформалары дәстүрлі жүйеден бірте-бірте бас тартып жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақты бұрыңғы біліммен оқыту әсте қиын.

Технология • 16 Қазан, 2023

Зияткер елге айналдыратын алаң

«Digital Bridge 2023» форумы 300-ден аса IT компанияны, 100-ден аса инвес­торды, әлемнің түкпір-түкпірінен 400 спикерді және 30 елден 100-ден аса стартапты бір алаңға жинады. Онда ақпараттық технологиялар, data science, Blockchain және басқалары бойынша жергілікті және шетелдік IT компаниялардан 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Форум аясында маңызды мәлімдемелер мен тиімді келісімшарттар жасалды.

Технология • 12 Қазан, 2023

Жасанды интеллект: Жәрдемі мен зардабы

Жасанды интеллект бүгін ғана пайда болып, өмірімізге енген алгоритм емес. Ол туралы алғашқы зерттеулер 1950 жылдары жүргізіліп, 1956 жылы осы термин қолданысқа енгізілген. Алайда дәл қазіргі уақытта оның мүмкіндіктері мен ауқымының артқаны сонша, әрбір салаға дендеп еніп, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып барады.

Білім • 06 Қазан, 2023

Мектепте нені оқытпайды?

Бәсекеге қабілетті сапалы маманның негізі мектепте қаланады. Баланың бағытын айқындауға бағдар беретін де, оны өмірге дайындайтын да – мектеп. Алайда еліміздегі оқу ордаларындағы білім сапасы көңіл көншітпейді деген пікірлер де бар. Көп оқушының бейінді пәнін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын кезде ғана таңдап жататыны – соның дәлелі. Ал мектеп қандай болуы керек? Отандық мектептерде нені оқытпайды? Нені оқытуға тиіс?

Қоғам • 04 Қазан, 2023

Көркем әдебиет каталогі әзірленді

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға арналған көркем әдебиеттің интерактивті каталогін әзірледі.