Технология • 20 Қазан, 2023

ChatGPT білімді қалай өзгертеді?

221 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаһанды өзгертіп жатқан жасанды интеллект білім саласына да өз әсерін тигізетіні анық. Білім беру платформалары дәстүрлі жүйеден бірте-бірте бас тартып жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақты бұрыңғы біліммен оқыту әсте қиын.

ChatGPT білімді қалай өзгертеді?

Білім саласындағы реформа, әсіресе карантин кезінде қатты байқалды. Онлайн оқу бұрын мүмкін еместей көрінгенімен, бір-ақ сәтте мектеп те, университет те қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Онлайн жүйенің әлеуеті әртүрлі жаңалық алып келді деуге болады. Ал кейінгі ChatGPT-дің пайда болуы білім саласының жылдам өзгерістерге дайын болуы керегін ай­қындай түсті. Ғылым және жо­ғары білім министрі Саясат Нұр­бектің айтуынша, ендігі жерде кез келген салада жасанды ин­тел­лек­тімен жұмыс істеуді меңгерген маман сұраныста болмақ.

– Нейрожелі қазірдің өзінде оқу үдерісіне араласып кетті. Оның дамуы да жылдам. Қазір біз­ге цифрлық сауатты болу жет­кі­­ліксіз. Жасанды интеллект са­уа­ты деген ұғым да жақсы таныс бо­луы қажет. Яғни біз оны білім сала­­сында оқытуымыз керек. Иә, бұл алгоритмнің кері әсері туралы­ да көп айтылады. Дегенмен біз оның дамуын тежей алмаймыз. Сондықтан сауатты түрде мең­­ге­­руі­міз қажет. Кез келген салада ChatGPT-мен жұмыс істеуді мең­­гер­ген маманның бәсі жоғары тұра­­­ды, – деді министр жуырда өткен Digital Bridge 2023 форумында.

Жасанды интеллектінің мүм­кін­діктерін ескеретін болсақ, оның қыз­меті жұмысымызды әлдеқайда же­ңілдетіні рас. Оны сауатты мең­герген қызметкер пайдалы кө­мек­ші ретінде жұмыс істете алады. SmarTestPrep мектебінің директоры Лаура Вайгорова білім беру бағ­­дарламасын, тест сұрақтарын құрас­тырумен нейрожелі айна­лы­сатынын айтты.

– Алгоритмнің тілін білсе, бәрін істетуге болады. Оны сауат­ты­ меңгеру деген оған дұрыс пәр­мен бере алу деген сөз. Біз­дің­ қызметкерлер ChatGPT-мен жүйе­лі жұмыс істей алады. Біз оның барынша пайдалы жағын қарас­ты­­рамыз. Әрине оның адамды алмастыру қаупін жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен менің ойымша, бұған әлі біраз уақыт керек. Ал дәл қазіргі нарықта нейрожеліні са­уатты басқара алатын маман қажет, – дейді Л.Вайгорова.

пор

Инновацияның дамуы дәстүрлі 4 жыл­дық оқу форматын да өзгертіп жа­­тыр. Жаңа мамандықтар пайда бол­­ды. Оларды игеру де жаңа ба­ғыт­­­та қалыптасып келеді. Елі­міз­де­гі алғашқы жылдам кәсіп­тер уни­­­верситетінің негізін қа­лаушы Диана Камаладин­нің айтуынша, білім беру саласын­да оқытушының орнын чат-боттар алмастыра алады.

– Батыста машиналардың жаңа моделі жыл сайын шығатын болса, Қытай нарығында алты ай сайын өзгеріп жатыр. Бұрын бір жаққа баратын болсаң такси ұстау, такси табу қиын еді. Ал қазір «Яндекс» бар. Тіпті көлікті 10 минут күтіп қал­саңыз, «неге тез келмеді» деп­ шағымданасыз. Мысалы, фаст­-фудтар біздің жылдам тамақ­тануымызға ыңғайлы. Әре­кет­теріміз күн өткен сайын жыл­дам­дыққа негізделіп барады. Білім беру нарығына да осындай қар­қын­ды өзгерістерге ілесе алатындай жүйе қажет. Мәселен, TikTok желісінде химия пәнін үйре­те­тін мұғалім бар. Оның бейне сабақ­тары миллиондаған қаралым жинап жатыр. Мұның барлығы білім жүйесінің өзгеріп жатқанын аңғар­та­ды. Балаларымыз, яғни жаңа буын стандартты біліммен шектеле алмайды. Сондықтан да біз осы саланы жетілдіріп, жылдам білім бере алатын платформалар­ды­ қалыптастыруымыз қажет. Қазір адамдар өзіне қажетті білімді алу үшін қысқамерзімді курстарды сатып алады. Міне, осылай жыл­дам игеретін мамандықтар шы­ғып жатыр. Бұл – заман талабы. Өйткені ақпараттар әп-сәтте ес­кі­ріп қалады. Сондықтан қо­ғам­да­ғы өзгерістерге ілесе білуіміз қа­жет. Сондай-ақ оқы­тушының ор­нын баса алатын чат-боттар пайда болды. Бұрын оқытушы деген біз­ге баға қойып, үй тапсырмасын тексеретін адам болса, қазір оқы­тушы ол режиссер тәрізді. Сіз­ге тек мынадай кітапты оқы, мы­на­дай подкаст тыңда, мынадай веби­нар­­ларға, шеберлік сыныптарына бар­ деп айтады, – дейді Диана Кама­ладин.

Жылдам кәсіптер университеті жылдам меңгеруге болатын­ м­а­ман­­­дықтарды оқытады. 6 ай ғана білім береді. Содан кейін білім алу­шы­лардың IT, марке­тинг саласын­да­ жұмыс істеуін қамтамасыз ете­ді. Көріп отырғанымыздай қа­зір YouTube, TikTok басқа да әлеуметтік желілер білім бе­­­ру­ платформаларына еркін еніп кетті. Мұның барлығы цифр­­­­лан­ды­­рудың, жасанды интел­лек­ті­нің жемісі.