Таным • 06 Қараша, 2023

Балабақшадағы тәрбиенің заманауи үрдістері

202 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Баланың бақшаға баратын шағы – жауапты кезең. Өйткені ол қоғаммен енді араласа бастайды. Дәл осы сәт­те баланы тәрбиелеу жұ­мысы жүйелі жүр­гі­зілуі қажет. Осыған бай­ланысты Президент Іс басқармасы Медици­налық орталығының «Қар­лығаш» балабақ­ша­сы Президент орта­лы­­ғымен бірлесіп, «Мек­теп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқы­тудың заманауи үр­дістері» атты «QARLYGASH-2023» II халық­аралық ғылыми-прак­ти­калық конференциясын өткізді.

Балабақшадағы тәрбиенің заманауи үрдістері

Конференцияда таяу және шетелдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші сарапшылары мен педагог-практиктері бас қосып, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуге қатысты көзқарастарын ортаға салды. Президент орталығы директорының орынбасары Бо­тагөз Қайыпова атап өт­кендей, мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы осы кезеңнің бірегейлігінде жатыр. Онда жеке мәдениеттің негізі, алғашқы идеялары, таным тәсілдері, табиғи және әлеуметтік ортамен өза­ра іс-қи­мыл тәжірибесі қалып­таса­ды. Болашақта олар дамиды, тереңдей түседі, бірақ ең бас­ты дүниенің бәрі өмір жо­лы­ның бастапқы сатысында қалыптасады.

«Бүгінде өскелең ұрпақ­тың бойына тарихи білімді қалыптастыру және дамыту, мәдениетімізге деген құр­мет пен терең патриоттық сезім­дерді қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Сондықтан Президент орталығы өзінің білім беру бағдарламасына «Ата­мекен» арнайы жобасын ен­гізді. Оның негізгі идеясы – бас­тауыш мектеп жасындағы ба­лаларды туған өлкенің мә­дениетімен таныстыру, жүйелі білім қалыптастыру, отбасы мен мектепте Отанға деген сүйіс­­пеншілікке тәрбиелеу. Бұл жоба аясында жыл сайын 1 мың­ға жуық бала, ата-ана мен педагогтер қатысатын түрлі фор­­маттағы іс-шара өткізі­леді», деді Б.Қайыпова.

Конференцияның пленар­лық отырысында Балаларды дамыту институтының дирек­торы Манар Адамова, Ресей ғылыми зерттеу институты ди­ректорының орынбасары Игорь Шиян, психология ғылымдарының докторы Ма­нуель Мартинез, медицина ғылымдарының докторы, психиатрия кафедрасының клиникалық доценті Мехмет Каятекин, Малайзия қалалық университетінің Білім және гуманитарлық зерттеулер фа­куль­тетінің аға оқытушысы Зурайми Нурдин, Өзбекстан Республикасы мектепке дейін­гі және мектептік білім ми­нистрлігі Мектепке дейінгі білім беру агенттігінің басқарма басшысы Ирина Грошева, педагогика ғылымдарының докторы Лариса Круглова баяндама жасады.

«Қазір Қазақстанда әлем­дік білім беру кеңістігіне бағ­дарланған жаңа білім беру жүйесі қалыптасып жатыр. Бұл үдеріс оқу-тәрбие қызме­тінің педагогикалық теория­сы мен практикасындағы елеу­лі өзгерістермен қатар жү­реді. Жаңа буынның оқу материалдарын дайындаудағы инно­вациялық тәсілінің, олар­дың функциялары мен бі­лім беру практикасында қол­да­ну тәсілдерінің өзгеруі – бі­лім беруді жаңғыртудың құрам­дас бөліктерінің бірі. «Қар­лығаш» балабақшасы – балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы және жақсы жағ­дай жасалған еліміздің ал­дың­ғы қатарлы мектепке дейін­­гі ұйымдарының бірі. Бала­бақшаның басты міндет­терінің бірі – мектепке дейінгі білім берудің заманауи сапасын қамтамасыз ету, оның іргелі және жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өзекті қажеттіліктеріне сәйкес келуі»,  деді Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы бас­шысының орынбасары Люд­мила Бюрабекова.

Конференцияның «Инклю­зивті білім: теория және практика», «Балалардың ерте дамуы», «Мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері» тақырыбындағы секциялық жұмысына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, об­лыс­тық білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, кә­сіпорынның әлеуметтік әріп­тестері, Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық уни­вер­­ситеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситеті, Астана халық­ара­лық университеті, «Өрлеу» бі­лік­тілікті арттыру ұлттық орта­лығы, Астана қаласы бо­йын­ша кәсіптік даму институты, Балаларды ерте дамыту институты, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орта­лығы, «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясы, БҰҰ Балалар қоры белсенді қатысып, ше­бер­лік сыныптар аясында әдістемелерін ұсынды.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім депар­таменті директорының міндетін атқарушы Гүлнар Ысқақованың айтуынша, қазіргі уақытта ата-аналардың әлеуметтік сұра­нысы өзгерген. Бұрын ата-аналар үшін денсаулық сақтау және бала күтімі маңызға ие болса, бүгінде баланың дамуы­на да көбірек ден қояды.

«Біз мектепке дейінгі тәр­бие мен оқытудың ауқымды өзгерістері мен жаңғыруының куәсі болып отырмыз. Бұл, өз кезегінде, мектепке дейінгі ұйым­ның педагогіне жаңа та­лап­тар қояды. Мұнда қара­пайым тәрбиешіге емес, кәсі­би жетілген мұғалімге деген қажеттілік туындайды. Кә­сі­­­би даму және жеке өсу мүм­­­­кі­н­дігін кеңейту үшін, сон­­­дай-ақ бірыңғай талаптарды әзірлеу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі педа­гог­тің кәсіби стандартын бекітті. Онда мектепке дейінгі білім беру педагогінің кәсіби құзыреттері айқындалды», деді Г.Ысқақова.

Сондай-ақ балабақша ди­рек­торының орынбасары Алма Қарабаева: «Біз өз тарапымыздан білім сапасын көтеруге, өзгер­туге үлесімізді қосқымыз келеді», деп атап өтті.

Мектепке дейінгі ұйым­дар­дың практикасына қаты­сушылар конференция қоры­тындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және іс-шара­ның жоғары деңгейде ұйым­дастырылғанын атап өтіп, ғы­­лы­­ми ынтымақтастыққа әрі осын­дай кездесулерді жал­ғастыруға ниет білдірді.