Білім • 24 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады», деп осыған орай арнайы бағдарлама қабылданатынын айтқаны есімізде. Қазір сол жоба іске асырылып, резервке 208 кандидат іріктелініп алынған. Мамандардың қатары жыл сайын толықтырылып отырылады.
Кітапхана • 22 Қаңтар, 2024
Еліміздегі мектептерде кітапхана қорының толық циклдерін қамтамасыз ететін «Qazaq mura» жүйесі іске қосылды. Бірегей жоба оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Олимпиада • 22 Қаңтар, 2024
Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Ақтық сынға 1 мыңнан астам зияткер жолдама алған. Білім бәсекесі 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Технология • 19 Қаңтар, 2024
Еңбек нарығындағы жасанды интеллект
Өткен жылы жасанды интеллект саласына қатысты сөздер ең көп қолданыста болған екен. Жыл жаңалығының бірі де мүмкіндігі көп чат-боттың әзірленуі болды. Қазіргі кезде нейрожелінің күнделікті өмірімізге дендеп еніп келе жатқаны әр саладан байқалады. Енді жасанды зерденің жәрдемімен жұмысшы іздегендер де, жұмыс іздегендер де оңай таба алады.
Білім • 16 Қаңтар, 2024
Индонезияда өткен роботтехника чемпионатында ел намысын қорғаған оқушылар жеті жүлдені қанжығасына байлады.
Ғылым • 16 Қаңтар, 2024
Отандық генетик, биолог ғалым Самат Қожахметов денсаулыққа зиян келтірмейтін әрі антибиотиктердің орнын алмастыратын метабиотик әзірлеп шықты. Ол саумалдан жасалған.
Технология • 15 Қаңтар, 2024
Жасанды интеллект жаңалық ашты
Жасанды интеллектінің пайда болуын жаңалық деп жүргенде, нейрожелі өзі де жаңалық ашып үлгерді. Жасанды интеллект және суперкомпьютер көмегімен батарея жасауда қолданылатын литийдің орнын басатын жаңа зат ойлап табылды.
Білім • 12 Қаңтар, 2024
Сапалы маман – жергілікті экономиканы дамытуға, азаматтық қоғам құруға, білім саласын жақсартуға, тиімді үкімет жүйесін қалыптастыруға, жалпы айтқанда, бүкіл қоғамды өзгертуге ықпал ететін күш.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2024
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып оздық дегенде бәрі таңғалған еді. Себебі бізде интернетке қол жеткізе алмай отырған қаншама елді мекен бар. Тіпті қалалық жерлердің өзінде интернет дұрыс ұстамайды. Дегенмен мәселені шешуге қадамдар жасалып жатқанын жоққа шығармаймыз. Тек көптің қалауы –интернеттің игілігін ертерек көру. Ал шын мәнінде еліміз қай мемлекеттен озып, қайсысынан қалып келеді? Интернетіміз қай елден қымбат, қай елден арзан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Жоба • 04 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін бірқатар тапсырма бергені есімізде. Соған байланысты былтыр 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың жол картасы әзірленіп, саладағы мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Білім сапасын жақсарту үшін істелетін жұмыстардың енді біразы 2024 жылдың еншісінде тұр.