Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тарақан-киборг

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапон ғалымдары табиғи апаттарда, барлау жұмыстарында, қираған ғимараттарды тексеруде, адам мен техникаға қауіпті ортада қолданылатын тарақан-киборг жасап шығарды.

Тарақан-киборг

Тарақан-киборгтің арқасына шағын рюкзак электроникасы орнатылып, қозға­лысын басқару үшін денесіне электродтар енгізілген. Мұндай жәндіктер энергияны тиімді пайдаланып, ұзақ уақыт жұмыс іс­тей алады. Олар әрекет еткен­де үйінділерді, жету қиын жерлерді дрондардан жылдам әрі дәл зерттей алады. Ғалым­дар кибер-тарақандарды түрлі төтенше жағдайларда, барлау іс-шараларында кеңінен қолдануды жос­парлап отыр.