Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Цифрлық дәуірде ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды. Осы орайда технологияның тілін білетін білікті мамандар қашанда сұранысқа ие. Бұл салаға, әсіресе жастардың қызығушылығы жоғары. IT-ді саналы түрде таңдап, сапалы маманға айналып жатқандар бар. Әңгімемізге арқау болып отырған сондай жастың бірі – Мұса Төлеу.
Технология • 04 Наурыз, 2024
Дубайда отандық стартаптарға қолдау көрсететін IT-хаб ашылды. Qaz Step Innovation Hub IT-жобаларға өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға, өндірісін алға жылжытуға жәрдемдеседі.
Инфографика • 29 Ақпан, 2024
Білім саласын үйлестіретін заң
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңға қол қойды. Құжаттағы негізгі жаңашылдық қандай, бұл салада енді не өзгереді?
Ғылым • 29 Ақпан, 2024
Utebayev university ғалымдары «Техникалық күкірт негізінде тұтастырғыш материал алу» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан техникалық қалдық күкірттен экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді күкіртті цемент алынады.
Білім • 27 Ақпан, 2024
Бірлескен инжиниринг институтының аяқ алысы
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылған еді. Аталған оқу орны жасыл сутегін өндіретін зауытқа инженерлер даярламақ.
Мектеп • 27 Ақпан, 2024
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 369 мектеп салынады. «Samruk-Kazyna Construction» тапсырысы бойынша 218 мектеп – 2024 жылы, 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Жоспар солай. Ал қарқын қандай?
Ғылым • 22 Ақпан, 2024
Әлемде орташа есеппен 10 адамның 9-ы ұйқы безінің қатерлі дертімен қайтыс болады екен. Бұл статистика 60 жылдың ішінде өзгере қойған жоқ. Ал ғалымдар жасап, сынақтан өткізіп жатқан мРНҚ вакцинасы операциядан кейін ісіктердің қайта дамуына жол бермеген. Осылайша қатерлі ісікке қарсы вакцина ерте сынақ кезеңінде алғаш рет оң нәтиже көрсете бастады.
Құқық • 22 Ақпан, 2024
Өткен аптада Қытайдың «iSoon» компаниясының деректер базасы бұзылып, құпия құжаттардың қолды болғаны белгілі болды. Ақпараттар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. Солардың арасында біздің ел азаматтарының да деректері жүр. Бұның қалай болғанын жауапты мекеме тексеріп жатыр.
Технология • 22 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект саласын дамыту тұжырымдамасы
Дамыған елдер 2017 жылдан жасанды интеллект саласын ілгерілету стратегиясын бекіте бастады. Бұл бүкіл әлемдегі жасанды интеллект технологияларының жетілуі мен қолданылуын жеделдетті. Елімізде де осы салаға мән беріліп отыр. Енді арнайы тұжырымдама қабылданбақ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспарын жасады. Жоспарға сәйкес қадамымыз қандай болады, сараптап көрдік.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
Еліміздің цифрлық саладағы жұмысы жыл сайын жақсарып келеді. 2022 жылы IMD цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде еліміз 64 мемлекеттің арасында 36-орынды иеленсе, былтыр екі сатыға көтеріліп 34-орынға шықты.