
«OpenAI» «GPT-5» жасанды интеллектін таныстарды. Ол «Pro», «mini», «nano» нұсқаларында қолжетімді. Компания басшысы Сэм Альтманның айтуынша, «GPT-5» нөлден бастап толық бағдарлама жаза алады, түрлі саладағы күрделі тапсырмаларды ғылым кандидаты деңгейінде орындайды. Жаңа нұсқада жалған ақпарат аз, орынсыз мақтау жоқ, сұрақтарға жауап беру тәсілі өзгерген. Енді жүйе сұрауларға ережелерді сақтай отырып, нақты ақпарат беруге тырысады.