Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

ДНҚ-ны дәл өңдейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай ғалымдары ДНҚ-ны дәл өңдеудің жаңа әдісін жасап шықты. Енді миллиондаған негізден тұратын ДНҚ фрагменттерін өзгертуге болады.

ДНҚ-ны дәл өңдейді

Бұрынғы «Cre-Lox» әдісі үлкен бөлік­терді өңдегенде қиындық тудырып, геномда «із» қалдыратын. Ал жаңа әдіс бұл мәселені шеше алады. Қызығы, бұрын бір қажетті қасиеті бар тұқым алу үшін 1000 тұқым өңдеуге тура келсе, енді жаңа әдіс арқылы 100 тұқым жеткілікті. Бұл әдіс ауылшаруашылық дақылдарын жақ­сартуға және генетикалық ауруларды емдеу­ге жол ашады. Сонымен қатар ол жасан­ды хромосомалар жасауға мүмкіндік береді.