Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ерекше емдеу әдісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Массачусетс технологиялық институтының еншілес компания­сы «Tissium» медицинада бұрын-соңды болмаған әдіске жол ашты.

Ерекше емдеу әдісі

Енді зақымданған перифериялық жүйке талшықтарын тігіссіз-ақ қалпына келтіруге болады. «Coaptium Connect» деп аталатын технология арнайы «бағ­дарламаланатын полимерлерді» пай­даланады. Сондықтан енді дәрігерлер жүйке ұштарын бір-біріне жалғап, тігіп әуре болмайды. Материалдың өзі оларды дәл қосып, бітісіп кетуіне мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтарда зақымдалған нервтер 100 пайыз қалпына келген. FDA қазірдің өзінде оны хирургия­да пайдалануға рұқсатын беріп отыр.