Жасанды интеллект • 27 Ақпан, 2026
Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жасанды интеллект жобасы KazLLM туралы сұраған еді. Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жүйеге сұраныстың көп екенін, пайдаланушылардың артып келе жатқанын айтты. Алайда әлеуметтік желіде KazLLM жүйесі туралы алғаш рет естіп жатқандарын жазған жазба көбейді. Желі қолданушылары «бұл қандай бағдарлама», «қолданып көргендер бар ма», «біз неге білмейміз» деген сарындағы пікірлер қалдырған. Осы сұрақтардың жауабын оқырман назарына ұсынамыз.
Жасанды интеллект • 27 Ақпан, 2026
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
«Memories.ai» мен «Qualcomm» компаниялары жасанды интеллект негізіндегі ерекше көмекшіні таныстырды. Ноутбуктер мен үй компьютерлеріне арналған бұл жүйенің басты жаңалығы – «визуалды жад» технологиясы. Яғни ассистент пайдаланушының экрандағы күнделікті әрекеттерін үздіксіз бақылап, қосымшаларда, құжаттарда және бейнеқоңыраулар кезінде болған барлық үдерісті тіркеп, автоматты түрде индекстеп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Америкалық «Inception» стартапы «Mercury 2» деп аталатын жаңа жасанды интеллект моделін таныстырды. Бұл модельдің ерекшелігі – мәтін жазу тәсілі бұрынғы тілдік модельдерден мүлде бөлек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Ақпан, 2026
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
2014 жылы Норвегияның Осло қаласында ерекше мәдени жоба басталды. Суретші Кэти Патерсон қала әкімдігімен бірлесіп «Болашақ кітапханасы» атты арт-жобаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2026
«Figure AI» бүкіл денені басқаратын робот миын таныстырды
«Figure AI» компаниясы адамтектес роботтарға арналған басқару жүйесінің жаңа нұсқасы «Helix 02» нейрожелісін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
Шалғайдағы 504 ауыл интернетке қосылды
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда 504 ауыл спутник технологиялары арқылы интернет желісіне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 30 Қаңтар, 2026
Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды
Елімізде жасанды интеллект саласындағы стартап экожүйесі қалыптасып, қарқынды даму кезеңіне өтті. Қазіргі таңда ел аумағында 100-ден астам ЖИ-стартап жұмыс істейді. 2023–2025 жылдар аралығында бұл салаға тартылған венчурлық инвестициялар көлемі 5 еседен астам өсіп, 14 млн АҚШ долларынан 73 млн АҚШ долларына жеткен. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстандағы барлық венчурлық инвестициялардың жартысынан астамы жасанды интеллект саласына тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2026
Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды
Елімізде цифрлық қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа құқықтық талаптар енгізілді. Соның бірі – биометриялық деректерді пайдалану тәртібінің нақты айқындалуы, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылы елімізге шетелден 35 мың студент келген
Қазіргі таңда жоғары білім беру саласында интернационализация үдерісі бүкіл әлемде қарқын алып келеді. Яғни студенттер басқа елдерге барып оқуды жиі таңдайтын болған. Мамандардың дерегінше, 2022 жылы басқа мемлекеттерде оқуға кеткен студенттер саны 69 миллион адамды құраған. 2030 жылға қарай шетелде білім алатын студенттер саны одан да көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл білімге қаржы жинайтындар көбейді
Дәстүрлі мемлекеттік білім беру гранттарымен қатар, жоғары білім алудың жаңа тетіктері де енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген ерікті жинақтаушы білім беру жүйесі осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылып, ата-аналарға баланың ерте жасынан бастап болашақтағы білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа тетік жоғары білімге қаржылық қолжетімділікті арттыруға және білім беру саласын ұзақ мерзімді тұрғыда тұрақты дамытуға бағытталған.