Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40

Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Memories.ai» мен «Qualcomm» компаниялары жасанды интеллект негізіндегі ерекше көмекшіні таныстырды. Ноутбуктер мен үй компьютерлеріне арналған бұл жүйенің басты жаңалығы – «визуалды жад» технологиясы. Яғни ассистент пайдаланушының экрандағы күнделікті әрекеттерін үздіксіз бақылап, қосымшаларда, құжаттарда және бейнеқоңыраулар кезінде болған барлық үдерісті тіркеп, автоматты түрде индекстеп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды

Пайдаланушы жүйеге кез келген сұрақ қоя алады. Мәселен «Кеше жиналыста баға стратегиясы бойынша қандай шешім қабылданды?» немесе «Дизайнерлермен сөйлескен кезде қараған графикті тауып бер» деген сұраныстарға жасанды интеллект экран тарихын талдай отырып нақты жауап ұсынады. Бұл әсіресе онлайн кездесулер көбейген, құжат айналымы күрделенген қазіргі жұмыс форматында уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды

Көп жағдайда қызметкерлер файлдарды іздеуге, жиналыс барысында айтылған ойларды қайта еске түсіруге немесе бұрын қаралған материалдарды табуға едәуір уақыт жоғалтады екен. Ал визуалды жад технологиясы осы үдерісті автоматтандырып, ақпаратты есте сақтау міндетін адамның өзінен гөрі жүйенің мойнына жүктейді.

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылған. Барлық деректі өңдеу құрылғының өз ішінде жүзеге асады, яғни ақпарат бұлт серверлеріне жіберілмейді. Бұл пайдаланушы деректерінің құпиялығын сақтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар