Қоғам • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде цифрлық қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа құқықтық талаптар енгізілді. Соның бірі – биометриялық деректерді пайдалану тәртібінің нақты айқындалуы, деп жазады Egemen.kz

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Цифрлық кодекске сәйкес, биометриялық деректерді міндетті түрде қолдану тек заңда тікелей көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін. Егер мұндай міндет заң деңгейінде бекітілмесе, биометриялық деректерді жинау мен пайдалану тек азаматтың ерікті келісімімен жүзеге асуға тиіс. Себебі биометриялық ақпарат жеке деректердің ерекше санатына жатады және оны қолдану кезінде келісімге қатысты барлық заңды рәсімдер толық сақталуы қажет.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның сөзінше, қазіргі тәжірибеде биометриялық деректердің азаматтың келісімінсіз немесе зңда көзделмеген жағдайда мәжбүрлі түрде қолданылып жатқан мысалдары кездеседі.

«Жаңа кодекс дәл осындай олқылықтарды жоюға бағытталған. Егер биометриялық идентификацияны пайдалану заңмен міндеттелсе, ол тек мемлекеттік биометриялық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде мұндай жүйелер Ұлттық банктің банк және қаржы секторына арналған биометриялық жүйесі мен цифрлық үкімет аясында жұмыс істейтін уәкілетті мемлекеттік органның биометриялық платформасы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда биометриялық деректердің қауіпсіздігіне мемлекет тікелей жауап береді. Ал заңмен міндеттелмеген барлық өзге жағдайларда биометрияны қолдану толықтай ерікті сипатта болады», дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар