Бұл – роботтың бүкіл денесін бір мезетте басқаруға қабілетті алғашқы кешенді ми. Алдыңғы нұсқалар роботтың тек жоғарғы бөлігінің қозғалысын басқарса, «Helix 02» жүру, заттарды ұстау, қозғалысты үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау функцияларын біртұтас автономды жүйеге біріктіреді.
Соның арқасында робот әр әрекетті бөлек басқармай, қоршаған ортаға бейімделе отырып, үздіксіз жұмыс істей алады. Жаңа жүйенің мүмкіндігі тәжірибе барысында дәлелденді. «Helix 02» арқылы басқарылатын «Figure» гуманоид роботы ыдыс жуатын машинаны толық автономды режимде небәрі төрт минут ішінде босатып, қайта толтырған. Бұл үдеріс барысында робот 61 бірізді әрекетті адам көмегінсіз орындаған.
Компания өкілдерінің мәліметінше, «Helix 02» гуманоид роботтарды тұрмыста және өндірісте кеңінен қолданылады. Жүйе роботтың қозғалысын дәл үйлестіріп қана қоймай, оның дербес шешім қабылдау қабілетін де айтарлықтай арттырады.