Инвестиция • 30 Қаңтар, 2026

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жасанды интеллект саласындағы стартап экожүйесі қалыптасып, қарқынды даму кезеңіне өтті. Қазіргі таңда ел аумағында 100-ден астам ЖИ-стартап жұмыс істейді. 2023–2025 жылдар аралығында бұл салаға тартылған венчурлық инвестициялар көлемі 5 еседен астам өсіп, 14 млн АҚШ долларынан 73 млн АҚШ долларына жеткен. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстандағы барлық венчурлық инвестициялардың жартысынан астамы жасанды интеллект саласына тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Аталған деректер Қазақстандағы жасанды интеллект нарығына арналған алғашқы кешенді талдау – «Kazakhstan AI Country Report» есебінде ұсынылды. Есепке сәйкес, еліміз цифрландыру кезеңінен өтіп, жасанды интеллектіні жүйелі әрі ауқымды түрде енгізу кезеңіне қадам басып отыр. ЖИ елдің экономикалық өсімін жеделдететін және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды фактор ретінде қарастырылады.

Зерттеу авторларының бағалауынша, жасанды интеллект технологияларын енгізу орта мерзімді перспективада жұмыс орындарының жартысынан астамында еңбек өнімділігін арттырып, еліміздің жалпы ішкі өнімінің жыл сайын қосымша 0,5–2 пайызға өсуін қамтамасыз ете алады. Есепте көрсетілгендей, отандық ЖИ-стартаптардың басым бөлігі қолданбалы B2B-шешімдерге бағытталған. Олар ішкі нарықпен қатар, халықаралық нарықтарда да белсенді жұмыс істейді. Жобалардың ең жоғары шоғырлануы «Enterprise AI», бизнес-процестерді автоматтандыру, Индустрия 4.0, «MarTech», «EdTech», «MedTech» бағыттарында байқалады.

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

2025 жыл жасанды интеллект экожүйесі үшін бетбұрыс кезеңі болды. Осы жылы елімізде нарық бағалауы 1 млрд АҚШ долларынан асатын алғашқы жеке технологиялық компания – «Higgsfield AI» пайда болды. Сонымен қатар, «Bridge және «Series A» кезеңдерінде еліміз үшін ең ірі инвестициялық мәмілелер тіркелді. Бұл отандық кәсіпкерлер негізін қалаған жасанды интеллект компанияларының халықаралық ірі инвесторлардан капитал тарту мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар