Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Аймақтар • 05 Маусым, 2025

Қойнауы қойға жайлы

Ерейменнің етегі төрт түлік мал өсіруге мейлінше қолайлы. Таулы-тасты адырлардың көктемгі қызыл су үйіріліп, жаз ортасына дейін кілкіп жататын қолат-қойнауы сәл селдірлеу біткенімен, малға жұғымды шөп бар. Әуел баста ақтылы мал өсіріп, шаруасын жолға қоймақ болған «Жаңа береке» шаруа қожалығы 2017 жылы бағымындағы малды түгел сатпақ болды. Сол жылы қатты құрғақшылық болып, әншейінде шөп мол шығатын ойпаң жерлердің өзі көктемей қалды. Мал азығы тапшылығынан қысылған қожалық қолындағы малымен бірге бар дүниесін сатуға мәжбүр болды. Қара малмен бірге 300-ге жуық жылқы жаңа серіктестіктің иелігіне көшті. Серіктестік бастапқы атауын сақтап қалды.

Балалар • 03 Маусым, 2025

Жазғы демалыс жайлы бола ма?

Балалардың жазғы демалысын жүйелі ұйымдастыру – аға буынға сын. Оқушылар оқу жылы аяқталысымен жазғы демалысқа асығады. Демалыстың төресі тамылжыған табиғат аясы, балығы тайдай тулаған ақ айдын, сыбдырлаған жапырақтары дала күйін шертіп жатқан ну орман.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2025

Қоқыстан арылатын күн туса игі

Табиғаты тамылжыған көрікті Көкше өңіріндегі өзекті мәселенің бірі – заңсыз қоқыс үйінділері. Бір қарағанда таптаурынға айналған тақырып болғанымен, өзегі жарылып, өңі түзелмей тұрған соң, тағы бір айналып соғуға мәжбүрміз.

Әскер • 23 Мамыр, 2025

Қатал тәртіпке үйренген ару

Әншейінде түрме деген суық сөз денеңді тітіркентетіні бар. Сұрқай көріністің ішінде түнектің түндігін түретін сұлулық та бар. Ол – осы жерде қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер.

Ауыл • 23 Мамыр, 2025

Қорың үзілмесін, қарағым!

Мамыр мерекелерінде елге ат ізін салғанбыз. Шаң басқан қаладан қозыкөш жер шығысымен жанымыз жадырап сала берді. Көктем көк көйлегін киіп алыпты. Бүршік жарған орманды алқаптардың сәукелесі төгіліп тұр.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2025

Балалардың жазғы демалысы жайлы бола ма

Балалардың жазғы демалысын мінсіз ұйымдастыру аға буынға сын. Ақмола облысында  жазғы демалысты ұтымды ұйымдастырудың мүмкіндігі зор. Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан орман-тоғайлы, ақ айдынды, саф ауасы тамылжыған табиғаттың аясы құтты игерілмей жатқан тың іспетті, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 22 Мамыр, 2025

Көкшетауда ерекше көрме өтті

Көкшетаудағы гүл сататын дүкендер мен ерекше композицияларды жасап, гүлді одан әрі түрлендіріп жүрген флорист мамандарға арналған бранч көрме өтті. Онда гүлдің сан алуан түрі ұсынылып, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаруашылық • 22 Мамыр, 2025

Шаруаның көңілі күпті

Ақмолалық диқандар былтыр рекордтық көлемде астық жинап, бөріктерін аспанға атқан болатын. Биыл көктемгі егіске тастүйін дайындықпен келді. Жалпы көлемі 5,5 миллион гектар жерге тұқым сіңірілмек.

Өндіріс • 13 Мамыр, 2025

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

«Бурабай» вагон жөндеу депосы» 1935 жылдан бері жұмыс істейді. Әуелде жүк ва­­гон­­дарын жөндеген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде же­­ңіс­­ті жақындатуға қомақты үлес қосыпты. Қазір бір жылда 2 400 вагонды күрделі жөндеуден өткізетін қуатқа ие.

Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025

Қызылжар қырандары

Шоқ жұлдыздай шағын ауылдың төл тарихы әріден жылға тартады. Жар басына қонған екі ауыл қатар өрбіп, төсекте басы, төскейде малы қосылып, біте қайнасып кеткен. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары ұйымдасып шаруашылық құрады. Сол тұста «Абай» ұжымшары атанған.