Саясат • Бүгін, 08:43

Бурабайдағы келелі кеңес

20 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

30 қыркүйекте Бурабай баурайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VI отырысы өтті.

Бурабайдағы келелі кеңес

Іс-шараға Тәуелсіз Мем­лекеттер Достас­тығына қатысушы мемлекеттердің орта­лық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, Тәуелсіз Мем­лекеттер Дос­тас­тығы Атқа­рушы комитетінің және оған қатысушы мемлекеттердің Парла­мент­аралық Ассамблеясының өкілдері, қатысушы мемлекеттердің демократия­ны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық институтының өкілдері, ТМД-ға мүше мемлекет­тердің сайлау органдары басшы­ларының Консультативтік кеңесі жанындағы Электоралдық сала­дағы жас­тар саясаты жөніндегі жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарап­шылар кеңесінің мүшелері, жас­тар ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның сайлау комис­сияларының өкіл­дері қатысты.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығына қатысушы мемле­кет­тердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық ету Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына өткенін атап өткен жөн.

Іс-шаралар бағдарламасы сайлау саласында мемлекетаралық әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әсіресе жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастырудың практикалық тәсілдерін дамытуға бағытталды.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия­сы төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңес отырысын ашып: «Сайлау мәдениетін қалыптастыру – бұл адами капиталға, демокра­тия­лық институттарды нығайтуға және біздің елдеріміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл – құқықтық реформаларды, білім беру бастамаларын және заманауи технология­­­ларды біріктіріп, жүйелі тұрғыдан қарауды талап ететін үдеріс. Сондықтан да біздің тарап қазақстандық төрағалық ету кезеңін сайлау процесінің барлық қатысушыларының, әсіресе жастардың арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқы­лауға арнауды ұсынды», деп атап өтті.

ТМД-ға қатысушы мемле­кет­тердің сайлау органдары басшы­­ла­рының Консультативтік кеңе­сінің VI отырысында сайлау үдерістерінің тиімділігін және оған қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

ТМД Парламентаралық ассамблея­сы Кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бейне­қ­ұттықтау жолдады. ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің тең төрағасы, Беларусь Республи­касының Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Игорь Кар­пенконың онлайн режімде ТМД-ға мүше мемлекеттердің сай­­лау органдары басшылары­ның Кон­сультативтік кеңесіне төраға­­лық еткен кезеңде атқарыл­ған ж­ұ­мыстар туралы ақпараты тыңдалды.

Сайлау тақырыбына арналған пікірталас барысында Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян «2026 жылы өтетін парла­менттік сайлаулар аясында Армения Респуб­ликасы­­ның сайлау заңнамасындағы жаңа­шыл­дықтар» тақырыбын­да, Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы жергілікті сайлаулар және саяси жүйені одан әрі жетілдіру туралы», Қырғыз Респуб­ликасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының төр­ағасы Тынчтык Шайназаров «Қырғыз Республикасындағы 2025 жылғы сайлау үдерістері», Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова бейнебаяндама ар­қылы «14 қыркүйекте Ре­сей Федерациясында өткен бірың­ғай дауыс беру күнінің қоры­тын­дылары туралы», Тәжікстан Респуб­ликасының Сайлау және рефе­рендумдар жөніндегі Орта­лық комиссиясының төр­ағасы Бах­тиёр Худоёрзода «Тәжік­стан Республикасында шығып қал­ған депутаттардың орнына жер­гілікті Халық депутат­та­ры мәжі­лістеріне өткен сай­лау­­лар тура­­лы», Өзбекстан Респуб­­ликасының Орталық сайлау ко­миссиясының төрағасы Зайнид­дин Низамходжаев «Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлаудан кейінгі кезеңдегі жұмысының кейбір аспектілеріне шолу» тақырыбында сөз сөйледі.

«ТМД-ға қатысушы мемлекет­тердің Парламентаралық Ассамблеясына қатысу­шы мемлекет­терде жастардың құқық­­тық мәдениеті мен сайлау белсенді­лігін арттыру мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі жанын­дағы Электоралдық саладағы жас­тар сая­саты жөніндегі жұмыс тобы мен ТМД Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мем­­ле­кеттердің демократияны, пар­ламентаризмді дамыту және азаматтардың сай­лау құқық­тарының сақталуын мони­торин­гілеу жөніндегі халық­аралық институтының өзара іс-қимылы туралы» Парла­мент­аралық Ассамблеясы Кеңесі Хат­шылығы басшысының орынбасары, ТМД Парламентаралық ассам­б­лея­­­сы ДДМХИ директоры Иван Мушкет, «ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі мүшелерінің Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB) қызметіне қатысуы туралы» ТМД СОБ КК тең төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко, «ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатура ұсыну туралы» Нұр­лан Әбдіров баяндама жасады. Қазақстанның Орталық сайлау ко­миссиясы ТМД-ға мүше мем­лекеттердің сайлау органдары басшы­ларының Консультативтік кеңесіне төрағалық етеді. Жиын барысында кеңеске төрағалық етудің ауыспалы белгісі табыс етілді.

Отырыстың басталуы алдын­да қаты­су­шылар ТМД-ға қатысу­шы мемлекет­­тердің сайлау органдарының құқықтық ағарту және электоралдық қатысудың мәдениетін қалыптастыру сала­­сындағы тәжірибелерін көрсете­тін әдістемелік материалдар көрме­сімен танысты. Көрмеде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның орталық сайлау органдары мен ТМД ПА ДДМХИ-ның жұмыс барысында қолданатын түрлі оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдары ұсынылды.

Бурабайда өткен отырысқа қатысушылар ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі хатшылығының басшысы лауазымына кандидатурасын қолдады.