Өнер • Бүгін, 08:50
Облыс орталығындағы әдебиет және өнер мұражайында Суретшілер одағының мүшесі Ибрагим Исаның «Еркіндік пен үнсіздік» тақырыбындағы жеке көрмесі өтті.
Еңбек • Бүгін, 07:33
«Қараөзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Нартай Ысқақов елдік бастама көтеріп отыр. Күзгі жиын-терім аяқталған соң, еселі еңбек еткен жұмысшыларына республикалық «Egemen Qazaqstan» газетін жаздырып бермек.
Аймақтар • Кеше
Төрт түлік аман болсын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн» деп атап көрсетілді.
Ауыл • 11 Қараша, 2025
Ел үміт еткен инвестордың игілік бола алмауынан ауыл тұрғындары зардап шегіп отыр. Тіпті бауыр басқан мекеннен біртіндеп көше бастапты. Биыл шілде айында ауылда 448 адам тұрса, қазір 427 адам қалған. Яғни төрт айдың ішінде 21 адам қоныс аударды.
Шаруашылық • 08 Қараша, 2025
Карбон полигонының мүмкіндігі зор
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында карбонды егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналады.
Өндіріс • 06 Қараша, 2025
Шаруаларға шарапаты тиген кәсіпорын
Көкшетауда орналасқан «Kazrost Engineering» компаниясы – өңірдегі ауыл шаруашылығына серпін беріп отырған кәсіпорын. Ілкідегі «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын қайта жаңғыртып, заманауи техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын жұмысы өрге басқан сайын ауыл шаруашылығына септігі тиіп келеді.
Туризм • 04 Қараша, 2025
«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» экологиялық жолы жаңартылды. Тау жотасына, табиғатты тамашалау алаңына бастап баратын бағытта цифрлық шешімдердің қолданылуы оның өзіндік ерекшелігіне айналып отыр. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті, Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады.
Баға • 31 Қазан, 2025
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мұңға айналды. Өзгесін былай қойғанда, төскейінде төрт түлік мал жер қайыстырады дейтін сулы-нулы өңірде төрт түлік мал басының табиғи өсімі неге ойдағыдай емес? Қара қазанымды майлап, ақ дастарқанға ет өнімдерін молынан жеткіземіз деп құлшынған ауыл тұрғындарына үш жылдан бері несие беріле бастады. 2024 жылы 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жалпы көлемі 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түсті. Осы қаражаттың 1 161,2 млн теңгесі немесе 128 өтінім өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылды. Өтініш иелерінің бизнес-жоспарын жан-жақты саралай келе, несие комитеті 131 өтінімді мақұлдады. Қолдарына зарығып көрген қаражат тиген соң, малсақ қауым ойға алған жоспарын іске асыруға кірісіп кетті. Әйтсе де, нәтиже көңіл көншітерлік емес.
Шаруашылық • 29 Қазан, 2025
Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтап, 7,6 миллион тонна астық жинады. Бұл өңір тарихында тұңғыш рет қол жеткізілген толағай табыс.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2025
«Қараөзек» серіктестігі бұл күндері егістік алқабының 80 пайыздан астамын жинап үлгерді. Күн ашық болса, төрт-бес күнде дала жұмысы толық аяқталмақ. Ерте көктемде серіктестік 8 150 гектар алқапқа дән сіңірген, оның 2 750 гектары – зығыр, 1 115 гектары – жасымық, қалған бөлікке бидай мен арпа егілген. Майлы және бұршақ дақылдарын егуге себеп болған жай – бағасының қымбаттығы.