Парламент • 27 Ақпан, 2025
Көкшетауда тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Сертификат баспана кезегінде тұрған адамдарға арналған. Мемлекеттік демеуге 4 санат бойынша кезекте тұрғандар қатыса алады. Қазір 14 азаматтың есеп-шотына алғашқы жарна аударылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Ақмола облысы биыл 285 қандасты қарсы алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Ақпан, 2025
Аграрлы аймақта биыл тауарлы сүт көлемі 40 мың тоннаға көбейіп, жалпы өнім көлемі 1,5 есе артпақ. Ойға алған істің орындалуына алты мың бас сиырға шақталған 7 бірдей ірі тауарлы сүт фермасының іске қосылуы септігін тигізбек.
Жастар • 22 Ақпан, 2025
Көкшетаулық Әмина Рахымбергенова Сан-Франциско қаласындағы «Minerva» университетінде білім алады. Қазірдің өзінде ІТ саласында бірнеше жаңалық ашқан өнертапқыш. Бірнеше халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз болды. Батыстың атағынан ат үркетін ірі компанияларында жұмыс та істеп үлгерді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан сулы, нулы өңірде ауызсу мәселесі әлі де түбегейлі шешімін таппай келеді. Өңірдегі 788 396 адам тұратын 604 елді мекеннің 393-і ауызсуды су құбыры арқылы пайдаланады. 193 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылмаған суды қанағат тұтады.
Баға • 15 Ақпан, 2025
Екінші нан есебіндегі картоп бағасының көтерілуі сулы-нулы, топырағы құнарлы біздің өңірді де айналып өткен жоқ. Осы тақырыпты талдап, себебін түсіндірмек болған сарапшылардың пайымына қарағанда, алдымен алып-сатарлар кінәлі.
Еңбек • 14 Ақпан, 2025
Дарқан дала төсінде ақық дән өсіріп, ақтылы мал бағып, адал еңбегімен қоғамға көл-көсір пайдасын тигізіп келе жатқан еңбек адамдарының ұлағаты кейінгі ұрпаққа көп-көрім мысал бола алады.
Энергетика • 11 Ақпан, 2025
Көкшетауда электр қуаты жеткілікті ме?
Кейінгі жылдары облыс орталығында құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Халыққа қызмет ететін нысандармен қатар жаңа білім ошақтары, көпқабатты үйлер бой көтере бастады. Енді сол ғимараттардың барлығын электр қуатымен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр.
Еңбек • 07 Ақпан, 2025
Ырыс тұнған даланы сүйіп, бар қажыр-қайратын ақық дән аялауға жұмсап келе жатқан әулетте адал еңбектің сабақтастығы үзілмей, қайта уақыт өткен сайын бекіп, толыса түскен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, тереңнен тамыр тартқан тәрбие өз арнасымен ағып, жемісін беріп келеді.
Жәдігер • 04 Ақпан, 2025
Үміт отын маздатқан майдан хаттары
Уақыт табымен әбден сарғайған, оқ-дәрінің исі сіңген үшбұрыш хаттарда боздақтардың көкірегіндегі көп жай тұмшаланып жатқандай. Әбден тозған, үлбіреген үшбұрыш хаттарды қолыңа алған кезде жан дүниеңді әлдебір алай-дүлей сезім баурап алады екен.