Инфрақұрылым • Бүгін, 14:10

Ақмола облысының екі қаласын ауыз сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет Ақмола облысындағы сумен жабдықтау жүйесі құрылысына осынша қаржы бөліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының екі қаласын ауыз сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді

Қосшы қаласының су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Қазір елу шақырымға жуық құбыр тартылды. Желінің жалпы ұзындығы 64 шақырым төңірегінде. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ресми деректерге қарағанда, бүгінгі күннің өзінде Қосшыда елу мыңнан астам тұрғын тіркелген. Алдағы уақытта қала тұрғындарының саны әлі де өседі деп күтілуде.

–Қосшы қаласындағы су құбыры құрылысының төртінші кезеңі жүргізілуде, – дейді облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Жүнісов.

Макинск қаласындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұл қалада 73 шақырымға жуық желі тартылмақ. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен 45 шақырымдық желі жұмысы аяқталды. Мемлекеттік қордан бөлінген 606 миллион теңгеге жобаны толық аяқтап, қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етпек.

Ақмола облысы