Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2018 материал табылды

Сұхбат • 10 Сәуір, 2025

Болат ТІЛЕП: Педагогикалық оқу орындарының мектеппен байланысын күшейту керек

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті республикада педагогикалық кадрлар даярлаудың ұстаханасы ғана емес, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік қолдау орталығы саналады. Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеппен сапалы білім, жаңа формациядағы мұғалім, білікті маман әзірлеу мүмкіндіктері туралы сұхбаттасқан едік.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 09 Сәуір, 2025

Өңірлік мамандар орталығы қажет

Биыл еліміздегі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялау бо­йынша ілкімді жобалар қолға алынды. Нарық­тағы сұранысқа ие кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі 150 мыңға ұлғайды. Мәселен, оның 70 пайызы IT, көлік, энергетика, машина жасау, құрылыс секілді техникалық мамандыққа бағытталып отыр.

Шаруашылық • 04 Сәуір, 2025

Агроөнеркәсіпті дамытатын орталық

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстан – Ресей озық технологиялар орталығы ашылды.

Білім • 02 Сәуір, 2025

Алматыны дамытатын жобаларға 10 млрд теңге бөлінеді

Алматы әкімі Ерболат Досаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы» тақырыбында өткен форумға қатысты.

Қоғам • 29 Наурыз, 2025

Ұлы даланың мәңгілік қазынасы

Биыл ҚазКСР халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Затае­вичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жарыққа шыққанына – 100 жыл.

Технология • 28 Наурыз, 2025

Алматыда AlmatyFair.ai көрмесі ашылды

Бүгін оңтүстік астанада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект саласында AlmatyFair.ai көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 27 Наурыз, 2025

«Бизнестегі пластиксіз күн» акциясы өтті

Аталған акция «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында  өтті.

Алматы • 27 Наурыз, 2025

Күй кернеді көшені

Наурыз мейрамында қаланың 8 ауда­нында мыңнан астам оқушы респуб­ликалық акцияға қатысып, бір мезетте домбырамен күй тартты.

Тағзым • 26 Наурыз, 2025

Затаевич мұрасына арналған құнды еңбек жарық көрді

Биыл Қазақстанның Халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жарыққа шыққанына 100 жыл толды. Ғалымның еңбектерін насихаттау, зерттеу мен зерделеу нәтижесі тағы бір еңбек аясына топтастырылып, «ХХ-ХХІ ғасырлардың құндылығы мен маңыздылық кеңістігіндегі А.В.Затаевичтің мұрасы: ғылым – мәдениет – қоғам» кітабы көпшілікке таныстырылды.

Мереке • 22 Наурыз, 2025

Шаттыққа бөленген шаһар

Кеше Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды десе болғандай. Көктемнің шуағына оранған қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлады. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде қылаң ұрып жатты. Қаланы шаттық құшағына бөлегендей. Дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтті. Таңсәріден бері мұнда мерекелік көңіл күй орнап, ынтымақ пен бірліктің көрінісі атой салды.