Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1991 материал табылды

Ғылым • 10 Қаңтар, 2025

Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды

Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҒА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 09 Қаңтар, 2025

Деректер журналистикасының курсы

Алматыда өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқық­тары» атты халықаралық конференция аясында Орталық Азия елдерінің мамандары бірлесіп жазған «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2025

Табиғи уақыт белдеуіне бейімделейік

Қазір ел аймақтарында тіршілік тынысы бірыңғай уақыт бел­деуіне сәйкес айқындалған. Үкімет шешімімен UTC+6-дан UTC+5 белдеуіне көш­тік. Бірақ қоғам бұл шешімге уәж айтып, жаңа уа­қыт белдеуінің қалыпты режіммен үйлеспейтіні жиі көтеріле бастады.

Ғылым • 01 Қаңтар, 2025

Ғылымға ашықтық пен айқындылық маңызды

2024 жылы ғылымды дамыту мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктер жасалды.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Әділетті қоғамның тірегі – адал адам

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысында қоғамда жаңа этика қалыптастыру, елдің бірлігі және тұрақтылығын сақтауда, жауапкершілік құндылықтарын арттыра отырып, өскелең ұрпақ тәрбиесіне басты назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында отаншылдық, адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіру, сапалы білім мен өнегелі тәрбиені ұштастыру руханият, тәрбие ісіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

Университет • 31 Желтоқсан, 2024

Тұлғалар түлеп ұшқан қарашаңырақ

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Білім • 29 Желтоқсан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аталып өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.

Технология • 26 Желтоқсан, 2024

Аграрлық университетте ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу орталығы ашылды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстан Қытай ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына  ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚХР ғылым және технологиялар бойынша консулы Жанг Вэй, EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой қатысты.

Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2024

Құрылыстағы инновация

Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының жас ғалымдары мен зерттеушілері «Alumen Group» компаниясымен келісімшарт негізінде әзірлеген инновациялық макеттерін құрылыс саласына сәтті енгізді.

Алматы • 20 Желтоқсан, 2024

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған конференция өтті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.