Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
179 материал табылды

Қоғам • Кеше

Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы

Тәуелсіздік күніне орай Түркияның мәдени астанасындағы Рами кітапханасында Қазақстан ғылымы мен әдебиеті бұрышы ашылды.

Сұхбат • 19 Желтоқсан, 2025

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Қазақ тілін цифрландыруға бейімдеу А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынды. Осы кезеңде Қолданбалы лингвистика бөлімінде қазақ сөздіктерінің автоматтандырылған базасы жасалды. Араға жылдар салып жанданған ұлттық корпус қазіргі таңда 100 млн-нан астам қазақ сөзімен толықты. Жасанды интеллект дәуірінде үлкен тілдік модельдер осы ұлттық корпустағы сапалы әрі жүйелі дереккөзді пайдаланады. Ғалымдар еңбегінің нәтижесінде көрсеткіш келер жылы 200 млн-ға дейін ұлғаяды (qazcorpus.kz). Біз бүгін институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанмен қазақ тілінің бай қорын жасанды жадқа енгізу туралы әңгімелестік.

Білім • 13 Желтоқсан, 2025

Геометрия – математикалық білімнің негізі

Біраздан бері орта білім жүйесінде бірқатар пәндерді біріктіріп оқыту туралы айтылып келеді. Алгебра мен геометрияны – «математика», химия, физика, биология – «жаратылыстану ғылымдары», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымдар» пәніне біріктіру көзделген. Қазіргі таңда мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты апробациядан өтіп жатыр. Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пәндерді біріктіріп оқытуды қайта қарауды қажет ететінін әрі мақсаты мен тақырыбы бөлек пәндердің әрқайсысын жеке пән ретінде дербес оқыту туралы айтқан-ды.

Білім • 02 Желтоқсан, 2025

Цитоматрица орталығы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қатерлі дертке қарсы зерттеулер жүргізетін Қазақстан-Америка цитоматрица орталығы ашылды.

Білім • 28 Қараша, 2025

География пәнін оқытудағы жүйесіздік

Мектепте география пәні өз деңгейінде оқытылмай келеді. Түйткілді мәселеге алаңдаған 500-ге жуық мұғалім Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық хат жолдады. Хатта ұстаздар орта білім жүйесінде іске асып жатқан ауқымды реформа кезеңінде география пәнінің оқытылуына қатысты әрі оқу жоспарына енгізу туралы ұсынысын жеткізді. Айтылған мәселеге орай министр Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандарымен жиын өткізді. Осы жиында педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, Географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі Ұлжалғас Есназарова қордаланып қалған бірқатар мәселені айтып берді. Ендігі кезекте ұстаздар қауымы география пәнін оқыту жүйеленеді деп үміттеніп отыр.

Қоғам • 28 Қараша, 2025

Қазақ тілін цифрландыру қажет

Жақында Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ тілін және технологиялық үрдісті қолдау үшін үлкен тілдік модель (LLM) әзір­леу» жобасы аясында ана тілімізді цифрлық ортаға бейімдеумен айналысып жүрген жетекші ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілердің басын қосқан жиын өтті.

Ғылым • 27 Қараша, 2025

Дақылға қажет қорек – карбамид

Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «CNPC» компаниясы карбамид және басқа да өнімдерді бірлесіп өндіру туралы ынтымақтастыққа қол қойды. Осы әріптестік аясында карбамид өндіретін газ-химия кешенін Ақтөбе облысында салу туралы келісім жасалды. Карбамид өндірісіне қатысты жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KMG PetroChem» ЖШС іске асырады. Осыған орай, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «KMG PetroChem» компаниясымен бірлесіп, карбамидті әртүрлі агроклиматтық аймақтарда қолдану үшін кешенді өндірістік сынақ пен ғылыми зерттеу жобасын алғаш рет қолға алды.

Өнер • 27 Қараша, 2025

Өнер биігіндегі «Салтанат»

Биыл «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына – 70 жыл. Аты аңызға айналған ұжым халқымыздың би өнерін әлемге әйгілеп келеді.

Білім • 19 Қараша, 2025

Білім келешегі – Абай мен Ахмет тіліндегі мектеп

Алматыда ата-аналардың наразылығын туғызған мектеп дауы әлі шешілген жоқ. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қаланың Бостандық ауданында салынған №224 мектеп жарғысына сәйкес мемлекеттік тілде ашылуға тиіс еді. Алайда наразы топ білім ордасының аралас мектеп болуын талап етіп отыр. Балаларын ана тілінде оқытқысы келетін ата-аналардың дені бұған үзілді-кесілді қарсы. Мектеп тапшылығынан балаларын қашыққа тасып қажыған олар қазақ тілінде ашылуын қалайды.

Алматы • 14 Қараша, 2025

Алматыны «ақылды» технология басқарады

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі көптеген игілікті істің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясын өткізді. Бұған дейін ҰҒА еліміздің аумақ­тарында бірқатар форсайт-сессия өткізіп, оның барысында зерттеу нысанына ілікпеген, дамуға мұқтаж салаларды зерттеді. Бұл жолғы форсайт-сессия қала экологиясындағы түйткілді жағдайды нысанаға алып, экожүйе, қауіпсіз орта міндеттерін талқылады.

Яндекс.Метрика