Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1747 материал табылды

Басылым • 22 Ақпан, 2024

Балалар басылымы оқуға ынталандырады

Алматыда халықаралық кітап сыйлау күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шығармашыл интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында республикада жарық көретін балаларға арналған газет-журналдардың редакторларымен кездесу өтті.

Ғылым • 21 Ақпан, 2024

Сапасыз көмір де кәдеге жарайды

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық универ­сите­тінің ғалымдары тө­менгі сұрыпты көмірден био­­тыңайтқыш алды. Қа­зақ – неміс – қытай ха­лық­­аралық қолданбалы микро­биология ғылыми зерт­ханасының мамандары іске асырған жобаның ерекшелігі – тұзданған топырақты қалпына кел­тіру мен сапасыз көмірді кәдеге жарату.

Ғылым • 20 Ақпан, 2024

ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Ерзат Мырзахан қарттарға арналған ақылды және көпфункционалды балдақ құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Зорлық-зомбылықсыз қоғам және балалар

Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылығы жоқ қоғам» жобасы таныс­тырылды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында балалар суреттерінің республикалық байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Вена және Алматы қалаларында өтетін көрмеге қойылады.

Технология • 19 Ақпан, 2024

Теңіз табанын зерттейтін робот

Satbayev University робот­техника кафедрасының студенттері жартылай те­рең­діктегі су бассейндерін зерт­тейтін робот жасап шығарды. Шағын зертханада құрастырылған ав­то­номды робот Орталық Азия­дағы су бассейндерін де зерттей алады.

Қоғам • 16 Ақпан, 2024

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам»: Балалар өмірді бейнеледі

Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» қоғамдық маңызды жоба басталды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында республикалық балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Аустрияның астанасы Вена және Алматы қаласында өтетін көрмеге қойылады.

Білім • 16 Ақпан, 2024

Инженерлік білім игілігі

Президент тапсырмасына сәйкес ақпараттық технологиялар саласына келер жылға дейін 100 мың кадр даярлау міндеті тұр. Бүгінде еліміздегі оқу орындарының 80-нен астамы IT саласына маман даярлайды. Бірақ олардың көпшілігінде білім беру бағдарламасына қатысты туындап отырған түйткілдер баршылық.

Ғылым • 14 Ақпан, 2024

ҚазҰУ ғалымдары улы заттарды анықтайтын қондырғы құрастырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары вакуумдық сынама алу қондырғысын құрастырып шығарды. Құрылғы су үлгілерін алуға және судағы органикалық ластағыштарды анықтауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Театр • 14 Ақпан, 2024

Ғашықтар күні «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» туындысы Әуезов театрында қайта сахналанады

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы араға жылдар салып, сәуірдің 15-інде М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қайта сахналанады. Түркі жұртына ортақ туындының қойылымын қара шаңыраққа қайтарған - «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы. Яғни, аталмыш компанияның демеушілігі арқасында классикалық шығарма көрерменге жол тартпақ.

Тағзым • 13 Ақпан, 2024

Ескерткіш тақта қойылды

Филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы, жазушы Мырзабек Дүйсенов өмірінің соңғы 15 жылында тұрған Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі 104-үйге мемориалды тақта орнатылды.