
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Оқитын ұлттың қазынасы ортаймайды
Ұлттық кітап күніне орай іс-шаралар шоғыры Батыс Қазақстан облысында соңғы бір апта бойы толастар емес. Аудан-ауылдардағы кітапханалардың бәрінде де оқырманмен жүздесу, түрлі форум, кітап таныстырылымдары өтіп жатыр.
«Таза Қазақстан» • 19 Сәуір, 2025
Орал қаласында тұратын белгілі бағбан, Сергей Исаев атындағы эксперименталды коллекциялық питомник-бақтың иесі Қайрат Кәрімов 1 500 түптен аса алма көшетін тегін таратты.
Кітапхана • 16 Сәуір, 2025
Ауыл кітапханасының заманауи тынысы
Батыс Қазақстан облысында «Jaña Klub» жобасы аясында 13 комьюнити-орталық жаңғыртылды. Жобадағы қалған 12 кітапхана осы сәуір айының соңына дейін ашылады.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2025
Орал қаласында Жастар мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтіп, оның жанынан ÓzgeEpic креатив хабы ашылды. 2019 жылы Алматы қаласында бастау алған жоба Түркістан және Астана қалаларында жалғасын тауып, табысты тәжірибеден кейін биыл Орал қаласында ашылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оралдағы ÓzgeEpic-тің техникалық жарақтандырылуы өте жоғары.
Тағзым • 09 Сәуір, 2025
Жымпиты селосында ақын Абдолла Жұмағалиевтің 115 жылдығына орайластырылған кешенді іс-шаралардың керуені басталды. Ақын дүниеге келген күні Батыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген оқушылар оның өлеңдерін жатқа айтты.
Тағзым • 05 Сәуір, 2025
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына орай «Күй төресі – Бапас» атты күй кешін өткізді.
«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2025
Қар еріп, көктем шыққалы Орал қаласында әдеттегі санитарлық-тазалық жұмысы басталды. Қала әкімдігінің арнайы қаулысымен 29 наурыздан 26 сәуірге дейін экологиялық тазалық айлығы жарияланды.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2025
Батыс Қазақстан – Саратов: байланыс беки түседі
Орал қаласына Ресей Федерациясының Саратов облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Никитин бастаған делегация келді. Меймандарды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қарсы алып, екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Мереке • 29 Наурыз, 2025
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Түркия елінде қарсы алып, бірнеше іс-шара өткізді. Ыстанбұл қаласында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі қатысқан үлкен концертте «Атамекен» фольклорлық ансамблі бес мемлекеттен келген өнер ұжымдарына жетекшілік етті.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесулер өткізді. Сапар барысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру, Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпалын одан әрі күшейту мәселелері, сондай-ақ палатаның мәслихаттармен бірлескен жұмысының маңызды бағыттары талқыланды.