Еңбек • 11 Ақпан, 2026
Қарашығанақтың «кіндігін кескен»
Дүниежүзі бойынша газ қоры жөнінен үздік ондыққа кіретін Қарашығанақ кен орнын кім ашқанын білесіз бе? Оралдық ғалым Сухан Камаловты әріптестері «Қарашығанақтың өкіл әкесі» деп атайды.
Ғылым • 11 Ақпан, 2026
Қытай ғалымдары киікті зерттеуге ден қоймақ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Бейжің орман шаруашылығы университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді қытай ғалымдары Оралға келіп, Қазақстан ғалымдарының ғылыми жобасымен танысып жүр.
Саясат • 10 Ақпан, 2026
Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді
Батыс Қазақстан облысында кейінгі үш жылда негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 165,5 млрд теңгенің 91 жобасы іске қосылды. Өңірдің таяу болашақтағы жоспар-жобалары да қомақты. Бұл жөнінде облыс әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ газет тілшісіне әңгімелеп берді.
Айтыс • 06 Ақпан, 2026
Оралдағы халықаралық жыр додасы
Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, мемлекет қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған «Ел үшін туған ер еді...» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
Жәдігер • 30 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында жүзге жуық көне тиын сақталған. Олардың ішіндегі ең ежелгісі Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Тоқты ханның (1291–1312) тұсында, яғни хижраның 710 жылында Сарай әл-Махруса шаһарында соғылған екен.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Орал қаласында жолаушы таситын №2, №5 бағытындағы автобустарда кітап сөресі пайда болды. «Бұл әлемдік BookCrossing идеясының жаңғырған түрі» дейді ұйымдастырушылар.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қазірден басталып кетті. 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 15 мың саяжайды су астына қалдырған 2024 жылдың сабағы ұмытылар емес.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылында орта мектеп ғимараты жаңғырту жұмысынан кейін су жаңа кейіпке енді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев Астанадағы Ақорда ғимаратының бейнесін қардан жасап шықты. Ауылдағы осынау кереметті көруге алыс-жақыннан арнайы барғандар да аз емес екен.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
30 кітап оқыған жан – миллионер!
Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы үш жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан оқушылардың «Мен оқыған 30 кітап» байқауы республикалық деңгейге шықты.