Шымкент • 19 Маусым, 2025
19 маусым – Шымкент республикалық қала мәртебесін алған күн. Осыған орай 19 маусым қала күні, мегаполис үшін үлкен мереке. Биыл қала әкімдігі шаһардың туған күнін 10 күн тойлауға шешім қабылдады. Осы онкүндікте республикалық, халықаралық мәні бар өнер және мәдениет фестивальдері кеңінен өтіп жатыр.
Құрылыс • 18 Маусым, 2025
Теміржол өткелі құрылысына бақылау қатаң
Шымкент қаласында көлік кептелісін азайту мақсатында жол құрылысы жобалары іске асып жатыр. Бұған дейін Қонаев пен Рысқұлов, Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында жол айрықтары салынған еді.
Шаруашылық • 11 Маусым, 2025
Жемқорлық қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса, қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін – қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек.
Құқық • 04 Маусым, 2025
Шымкентте екі күн қатарынан жастардың қаржылық сауатын арттыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – Қаржылық мониторинг агенттігі қолға алған бастама. Соның аясында қаладағы колледж бен жоғары оқу орны студенттеріне «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында маңызды дәрістер оқылды. Ондағы басты мақсат – жастарды қаржылық алаяқтардан қорғау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Балалар • 30 Мамыр, 2025
Оқу жылы да тәмамдалды. Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Мектеп түлектері үшін өмірдің жаңа кезеңі басталса, төменгі сынып жеткіншектері жазғы демалысты қызықты өткізгісі келеді. Бұл мәселе ата-аналарды да толғантады.
Өндіріс • 27 Мамыр, 2025
Аяқкиім фабрикасы қайта жанданды
Кеңес заманында Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында сапалы тауар шығарған кәсіпорындар болды. Олардың атағы бүкіл одаққа дүркіреп, өнімдерін халық сүйсіне тұтынды. Сондай кәсіпорынның бірі «Заря» аяқкиім фабрикасы еді.
Шымкент • 22 Мамыр, 2025
Он оқтың жетеуі Шымкент қорғасынынан құйылды
Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуге кеңес одағындағы республикалармен бірге Қазақ елі де аянбай үлес қосты. Миллионнан аса қазақ сарбаздары майдан даласында соғысса, тылда да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тынымсыз еңбек етті. Қызыл әскерді оқ-дәрі, керек-жарақпен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан алдына жан салған жоқ. Соның бірі – аты тарихта қалған Шымкенттегі қорғасын зауыты.
Өнер • 22 Мамыр, 2025
Шымкент қаласының тұрғыны Вячеслав Овчаренко йогадан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Бос уақытында үрмелі аспаптар жасаумен айналысады. Өзінің айтуынша, қолы қалт еткендегі ермегі әрі қосымша табыс көзі.
Бизнес • 16 Мамыр, 2025
Өндірістік тізбекті ұлғайту маңызды
Жақында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке келіп, мегаполистің бизнес өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар «Бал Текстиль» ЖШС-на арнайы барып, кілем тоқу өндірісімен танысты. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 5 млн шаршы метрге дейін кілем өнімдерін шығарады.
Денсаулық • 14 Мамыр, 2025
Шымкент қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр.