Спорт • 05 Қараша, 2024
Жасөспірімдер жарқыраған жарыс
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдердің республикалық турнирі өтті.
Спорт • 02 Қараша, 2024
Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионы!
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 12 балуаны өнер көрсетіп, солардың үшеуі елге олжалы оралды. Байрақты бәсекеде Ержет Жарылқасын мен Жәмила Бақбергенова күміс алса, Нұрқожа Қайпанов бас жүлдені олжалады.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Олимпиада комитеттерінің жиыны
Португалияның Кашкайш қаласында Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) ХХVII Бас Ассамблеясы өтіп жатыр.
Спорт • 01 Қараша, 2024
АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Лонг-Бич қаласында грэпплингтен AIGA Чемпиондар лигасының үшінші кезеңі өтті. Еліміздің үздік спортшыларынан жасақталған алты мықты команда финалдық сайыстың кезекті жолдамаларын сарапқа салды.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Бұл күндері еліміздің конькишілері алдағы маусымға қызу даярланып жатыр. Алда әлем кубогінің кезеңдік сайыстары, басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Ал басты жарыс – келесі жылдың ақпан айының алғашқы жартысында Қытайдың Харбин қаласында алауы тұтанатын ІХ Қысқы Азия ойындары.
Спорт • 30 Қазан, 2024
Үстел теннисінен Мысырдың Исмаилия қаласында ұйымдастырылған WTT Youth Contender турнирінде Қазақстан құрама командасының мүшесі Жәния Бекмұхамбетова табысты өнер көрсетті. 13 жастағылардың жарысында ол жеті бірдей қарсыласын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Жәния бұған дейін де өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Жуырда ғана ол Хорватияда өткен халықаралық турнирде алдына жан салмады.
Футбол • 30 Қазан, 2024
«Алтын доптың» иегері анықталды
Футболдан өткен маусымның үздіктері анықталды. Францияның астанасы – Париждегі әйгілі «Шатле» театрында ұйымдастырылған салтанатты жиында бағы жанған жұлдыздардың есімдері аталып, оларға арнайы сыйлық табыс етілді.
Спорт • 29 Қазан, 2024
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Джасинто қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шыққан екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет мексикалық Хоакин Муррието Лусиомен жұдырықтасты. Қандасымыз қарсыласын екінші раундта ұрып жықты. Сөйтіп, Бек 13 жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Соның 11-і – нокаут.
Күрес • 29 Қазан, 2024
Ризабектің алтыны қазақ балуандарының абыройын сақтап қалды
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен жастар арасында өткен (U-23) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы толық құрамда, яғни барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірақ бозкілемге шыққан 30 балуанның тек біреуі елге олжалы оралды. Ол – Ризабек Айтмұхан.
Теннис • 29 Қазан, 2024
Алдағы күндері еліміздің теннисшілерін бірқатар аса жауапты жарыстар күтіп тұр. Солардың арасындағы ең маңыздысы – Билли Джин Кинг кубогі. Әр жыл сайын әйелдер арасында ұйымдастырылып тұратын дәстүрлі турнирде жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойнайды.