
Ерлер бәсекесінде Дәрмен Есенгелді (60 кг), Қайрат Жеңіcұлы (60 кг), Әли Болат (66 кг), Ерасыл Ержанов (66 кг), Ернар Кеңесқан (73 кг), Сапарғали Салхан (81 кг), Егор Раков (90 кг), Ерасыл Нұртаза (100 кг), Бейбарыс Сұлтан (100 кг) күш сынасса, қыздар арасындағы сайысқа Іңкәр Құралбай (48 кг), Сара Шұғаева (52 кг), Гүлхан Шыңғысхан (52 кг), Карина Қаракенова (57 кг), Дамеля Асылханова (63 кг), Шынар Бітімбай (70 кг), Салтанат Ахметова (78 кг), Көркем Бақытбек (78 кг), Томирис Ерғали (78 кг) қатысады.
Былтыр Душанбеде өткен дүниежүзілік додада еліміздің жастар құрамасы қос қола медаль жеңіп алды. Тәжікстан астанасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Азат Күмісбайдың (81 кг) қанжығасы майланды. Биыл Болгарияның бас қаласы Софияда жалауы желбіреген жасөспірімдер арасындағы жарыста жерлестеріміз бес жүлде олжалады. Атап айтсақ, Ернұр Батырғали (60 кг) – алтын, Мұхаммедәли Жылқайдар (66 кг) – күміс, Арман Мыса (50 кг), Ролан Қайырғали (66 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) қоланы қоржынға салды. Дзюдошыларымыз Джакартада жоғарыда көрсетілген нәтижелерді жақсартады деп үміттенеміз.