Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
354 материал табылды

Руханият • 19 Тамыз, 2025

Чеховтің қасиеті

Антон Чехов – адам ретінде парасаты мол, кісілігі басым болмысымен оқырманға таныс. Жазушының артық сөзден ада, кенен ойға бай шығармалары үнемі жадыңда сақталады.

Қоғам • 16 Тамыз, 2025

Әлем кітапханашылары жиыны қарсаңында

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі-2025 шарасына келушілерге арналған «Білімді біріктіру арқылы болашаққа жол ашамыз: өлкетану және генеалогия бойынша ақпараттық ресурстар негізінде көпұлтты қоғамға кітапханалық қызмет көрсету» атты кездесу өтті.

Абай • 08 Тамыз, 2025

Ұлтқа – ұстын, әлемге – ұлағат

Абай жыры, Абай сөзі ұлт руханиятының түбіне тұнған алтын сандық іспетті. Қай ұрпақ болсын сол сандықты қал-қадерінше ашып, қазынасын алмақ. Неге десеңіз, Абайдай тұтас елдің қантамырына айналып, қаймана жұртын шексіз сүйген ұлт ақыны жоққа тән. Сол арқылы уақыт пен кеңістікті бағындырып, ұлттың ұлық ұстазы атанған данышпан шырағы зау биікте жарқырап тұр. Кім Абайды сүйсе, еркіндік пен бостандықты, адамдық пен ар-ождан жолын сүйгені. Кім хакімді қастер тұтса, ол өзін, өзімен бірге асқақ ұлтын қастерлегені.

Басылым • 05 Тамыз, 2025

Арыстар туралы трилогия

Елорда Ұлт­тық акаде­­­мия­­лық кі­тап­­хана­сында Абай Құнанбайұлы­ның 180 жыл­дық мерейтойына арналған «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.

Қоғам • 01 Тамыз, 2025

Ұлт мерейі – 100 кітап

Замана қабағын баққан данышпан Абай жырлары уақыт сырғыған сайын құнары артып, ойлы ұрпақтың ұранына айналып отыр.

Театр • 30 Шілде, 2025

Тәуелділікке тұтылған тағдырлар

Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік акаде­миялық орыс драма театрында Шығыс Қазақстан облыс­тық «Ассамблея жастары» театрының «Құтқар мені» атты спектаклі қойылды.

Мың бір мысал • 26 Шілде, 2025

Жұмбақ Ницше

Ницше еуропалық еркін ойға есік ашты. «Асқан адамы» жаңа ұрпақтың көзқарасына едәуір ықпал етті.

Әдебиет • 25 Шілде, 2025

«Адай» мен «№40 симфония»

Еуропалық өркениет XX ғасырда өрге жетіп, рухани ізденістер бәсеңдей берді. Тіпті «қуыс кеуделер уақыты» атты термин туып, адамдар тұс-тұстан жаңа серпін күтті. Рух жарықшағын іздеді. Осы кезеңде Моцарттың «№ 40 симфония» шығармасы еңкейген елдің еңсесін тіктеуге едәуір үлес қосты.

Байқау • 25 Шілде, 2025

Драматургияға тың тыныс қажет

Қазіргі қазақ театрына – жаңа сөз, соны көз­қарас керек. Осы ма­қ­сатта Аста­на­дағы Жас­тар театры­ заманауи авторлар, дра­ма­­тур­гиялық ойы бар жас қалам­гер­лер­мен бас қосып, «Әдебиет пен театр­ тоғысы» тақы­ры­бын­да дөңгелек үстел өткізді.

Қоғам • 22 Шілде, 2025

Тастан тамыр іздеген

Таңбалы тасқа қашалған мың­жылдық тарихымыз терең­нен тіл қатады. Онда бабала­рымыздың асыл мұраты, мұқалмас ерлігі, ғибратты ғұмы­ры бар. Сол шежірелі өт­ке­н­ге жан бітірген сирек ғалым­ның бірі – Қаржаубай Сартқожаұлы.