Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
260 материал табылды

Руханият • Кеше

Адамдық бәсекесі

Ізгілік, адамгершілік, ар-ұят жеңісі – күнделікті жан дүниемізде бәсекеге түсетін ұғымдар. Бала күнімде осындай адамдық бәсекесіне куә болғаным бар еді.

Әдебиет • Кеше

Тұңғиық Паскаль

Паскаль вундеркинд еді. 12 жасынан әкесінің ықпалымен кітапқа ден қойды. Он бес жасында математикалық кітаптарға қызығушылығы оянды. Евклидтің геометриялық еңбектерімен танысты, латын, грек тілдерін жетік меңгерді. 39 жылдық аз ғұмырында математика, физика, механика, әдебиет, философиямен шұғылданды, деп жазады Egemen.kz.

Әдебиет • 27 Маусым, 2025

Жалғыздық пен Бунин

Көлік жүйткіп келеді. Қала халқы ұйқы құшағында. Терезенің арғы беті мүлгіген қараңғылық пердесі. Көз ілінер емес. Ойыма әлдебір тіркестер, қаңғыған ұйқастар келеді. Енді, бірде, алыстағы орақ басты ай бейнесі айқын көрініп, мұнарта түседі. Бұл аяулы бейнемен бірге, алыстағы асуда қоңыр жанымен жалғыз жортқан ақсүйек Иван Бунинді еске аламын. 

Елорда • 27 Маусым, 2025

Астана. Өткен мен бүгін

Қанатты барыстай болашаққа бет алған Астана бейнесі – уақыт салып жаңғыра түсуде. Тәжді қаланың әр даму сатысы өнер саңлақтарының еңбегінде, ел жүрегінде сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2024

Жас қаламгерлердің 20 кітабы

Әдебиет – үнемі жаңарып отыратын ауқымды үдеріс. Ұлттың рухын тұғыр еткен бұл саланы қолдаудың да жаңа қадамдары байқалады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен маңызды жобалар жүзеге асырылып отыр. Нәтижесінде, көлемді шығармалар дүниеге келіп, әдеби айналым жаңарып, құстай түлеуі әбден мүмкін.

Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2024

Әлеуметшіл ақын

Қазақ поэзиясы үнемі даму үстіндегі мызғымас мұнара іспетті. Алып мұнараға әр талантты ақын өз кірпішін қалап, биіктеуіне үлес қосады. Ұлт поэзиясына жаңа бетбұрыс әкелген сондай сирек реформатор ақынның бірі Темірхан Медетбек биыл «Халық жазушысы» мәртебесіне ие болды.

Таным • 20 Желтоқсан, 2024

Жазу мен жүзу

Әңгіме Румидің нақу ілімінің (грамматика) білгірі тура­сындағы мәснәуиінен өрбіп отыр. Әлқисса, онда мынадай оқиға өріледі.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024

Ұлы дала ғұламалары және Түркістан

«Түркістан екі дүние есігі ғой» деп Мағжан жырлағандай, шежірелі қаланың тарихы әріде жатыр. Түркі мәдениетіне орасан зор үлес қосқан ғұлама Ясауидан бастап, киелі топырақтан қаншама ғалымдар түлеп ұшты. Рухани астананың көркі бүгінде жаңаша сипат алып, қарқынды дамып келеді.

Басылым • 13 Желтоқсан, 2024

Жазушының жаңа жинақтары

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары әде­биетке келіп, ұлт руханиятына қызмет ет­кен қаламгерлер шоғыры қалың. Сол ір­гелі буын­ның өкілі, бүгінген дейін қолынан қа­ла­мы түспеген көрнекті жазушының бірі – Кәдірбек Сегізбайұлы.

Әдебиет • 11 Желтоқсан, 2024

Хакімді қытайша сөйлеткен жазушы

Ұлт пен ұлтты, ел мен елді біріктіретін шекарасыз әлем – өнер. Киелі қалам ұшымен халық қасиетін бейнелеген озық­ ойлы қаламгерлердің бірі, Қы­тайдағы қазақ жазушысы – Акбар Мажиттің 70 жасы Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде аталып өтті.