
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Еурокомиссия басшысын еліне шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-отырысында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізіп, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Геосаяси қайшылықтар күшейіп тұр
БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев ең алдымен Чаба Кёрёшиді 77-сессияның төрағасы болып сайлануымен құттықтады.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Маршалл аралдарындағы жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық Тынық мұхитындағы Маршалл аралдарының тағдырына балта шаба жаздады. АҚШ прокурорлары дабыл қағып, дер кезінде қимылдап үлгермегенде Тынық мұхитындағы аралдардың бір бөлігі қытайлық ерлі-зайыптының иелігіне өтіп кетер еді.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Жапониядан табылған Алаш дерегі
«Ақ жол» демократиялық партиясы мен М.Нәрікбаев атындағы ҚазҰЗУ университетінің ұжымы жапон ғалымы, Хокайдо университеті Славян-Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының ортаазиялық зерттеулер профессоры Томохико Уямамен кездесті. Алашорда тарихының ақтаңдақ беттерін ашып көрсеткен жиында Жапония Сыртқы істер министрлігінің мұрағатында сақталған құпия құжаттар сөз болды.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2022
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне қатысты. Конгресс жұмысы Қазақстанның астанасында өтті.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның бас қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Қонақтардың арасында Рим Папасы Франциск болды.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2022
Рим Папасы Қазақстанда месса өткізді
Рим Папасы Франциск Қазақстандағы жиында епископтарды, діни қызметкерлерді және сенуші ерлер мен әйелдерді өздерінің рухани мұраларын қуанышпен қабылдауға шақырды.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2022
Дін өкілдері Қазақстанда бас қосты
Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда өткен съезде көптеген дін өкілдері өзекті мәселе қозғады.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2022
Франциск әлемді бейбітшілікке шақырды
Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда әлемдік дін көшбасшыларының съезі өтті. Жиында Рим Папасы Франциск барлық діни жетекшілерге дінді ешқашан соғыстың зұлымдығын ақтау үшін пайдаланбау керектігін айтты. Конференцияға имамдар, патриархтар, раввиндер мен мүфтилер қатысты.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2022
Ұлыбритания мен Брюссель бір шешімге келе алмады
Ұлыбритания Солтүстік Ирландияға тауарларын шекаралық бақылаусыз өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл біржақты қабылданған ереже Еуроодақтың «ашуын» туғызуы мүмкін. Алайда сарапшылар патшайымның өлімі екі ел көшбасшысын татуластыруға көмектеседі деп үміттенеді.