
Әлем • 06 Қазан, 2022
Nord Stream Батысқа қарсы «қару» ма?
Ресейден Балтық теңізі арқылы Еуропаға газ тасымалдайтын жалғыз құбырдың істен шығатын қаупі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы «Солтүстік ағынға» қойылған жарылғыш заттардың көлемі айтарлықтай көп екенін мәлімдеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Ресей Еуропаға жіберілетін газ қысымы мен көлемін азайтқан еді.
Саясат • 05 Қазан, 2022
Елордада өткен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс Х съезінде ұйым өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын мәлімдеді.
Саясат • 03 Қазан, 2022
Президенттікке алғашқы кандидат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылды. Партияның кезектен тыс ХХ съезінде президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың есімі аталды.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2022
Мелони – Италия премьер-министрі
Италияның билік басына алғаш рет әйел тағайындалмақ. Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Сайлауда жеңіске жеткен Джорджи Мелони Италия премьер-министрі қызметіне ресми түрде келесі айдан бастап кіріседі.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Digital Nomads IT қоғамдастығының 400-ден астам қазақстандық өкілі бүгінде әлемнің жетекші компанияларында еңбек етеді. Соның бірі – Шыңғыс Каримов. Ол Amazon-ның Лондон филиалында мәліметтерді зерттеуші қызметін атқарады.
Саясат • 28 Қыркүйек, 2022
Басты мақсат – құқықтық қолдау
20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл оқиға – Әділетті Қазақстан құруда Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттар секілді мемлекеттік институттардың қайта жандануындағы маңызды сәт. Елордада бас қосқан заңгерлер саяси науқанға қатысты ойларын ортаға салды.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2022
«Жасыл Жібек жолы» экологиялық талаптарға сай ма?
Қытай әлем елдеріне ұсынып отырған «Бір белдеу, бір жол» жобасын одан әрі жандандыруға сенім білдіріп отыр. Алайда сарапшылар бұл жобада «қоршаған ортаны қорғау қағидалары қарастырылмаған» дейді. Мамандардың айтуынша, бірер жылда жаһанның экологиялық проблемалары одан сайын күрделене түсуі мүмкін.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Халықтың әлеуметтік жағдайын көтермек
Сәрсенбі күні Қ.Тоқаев сайлау туралы жарлыққа қол қойып, Қазақстанда қарашадағы дауыс беру «бүкіл саяси жүйені түбегейлі қалпына келтіретін сайлау циклін бастайды» деп халыққа үндеу жариялады.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Кезектен тыс президент сайлауы өтеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні президенттік сайлауды 20 қарашаға белгіледі. Осы сайлауда ол жеңіске жетуі мүмкін, алайда оның қазіргі мерзімі қысқарады.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2022
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.