Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
341 материал табылды

Референдум-2022 • 24 Мамыр, 2022

Жастар жауапты таңдау жасауға дайын

«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияға өзгерістер енгізу – Жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысу деген сөз». Бұл – Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-кеңсесіндегі пікірталас алаңына жиналған жас буынның ортаға салған ойлары.

Референдум-2022 • 24 Мамыр, 2022

Болашақ заңгерлермен кездесті

Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері болашақ заңгерлермен кездесті. Қоғам қайраткерлері жастарға конституциялық реформалардың өзектілігін түсіндірді.

Референдум-2022 • 24 Мамыр, 2022

52 елде 65 учаскелік комиссия құрылды

Қазақстандықтар 52 шет мемлекетте 5 маусым күні өтетін референдумға қатыса алады. Шетелдегі ел өкілдіктері жанынан 65 учаскелік комиссия құрылған. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі ресми сайттарында хабарлады.

Референдум-2022 • 23 Мамыр, 2022

Ассамблея белсене қатысады

Мемлекет басшысы биыл сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында бірқатар тапсырма берген болатын. Одан бері бір айға жуық уақыт өтті. Қандай жұмыстар атқарылды? Достық үйінде өткен Ассамблеяның кеңейтілген кеңесінде Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы іске асыру мәселелері талқыланды.

Әлем • 22 Мамыр, 2022

Маймылшешек ауруы тарала бастады

Әлемде жаңа инфекция пайда болды. Маймылшешек деп аталатын індет бүгінде 12 елде анықталып, қауіпті вирусты 80 адам жұқтырған. Инфекция Еуропаның тоғыз елінде, сондай-ақ АҚШ, Канада және Аустралияда тіркелді. Негізі маймылшешек ауруы Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Дей тұрғанмен бұл дерт өркениетті елдерге де таралуда.

Әлем • 22 Мамыр, 2022

Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды

Еуропада ширек ғасыр бұрын өзен-көлдерге орнатылған бөгеттер жаппай алына бастады. Осылайша эколог ғалымдар жойылудың алдында тұрған балықтарды сақтап қалмақ. Өткен жылы кәрі құрлықтың 17 елінде 239 бөгет жойылған. Бұл істі қолға алған елдер өзге көршілес жатқан мемлекеттерді де «бөгеттен құтылуға» үгіттеп отыр.

Референдум-2022 • 22 Мамыр, 2022

Аға буынның айтары бар

Елдегі саяси өзгерістердің көбіне куә болған аға буын өкілдері Мемлекет басшысының Ата Заңға өзгерістер енгізу бастамасы қажетті әрі дер кезінде қабылданған шешім деп есептейді. Республикалық «Ардагерлер ұйымының» кезектен тыс ІХ съезінде қатысушылар референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығын айтып, халықты саяси шараға белсенді қатысуға шақырды.

Референдум-2022 • 20 Мамыр, 2022

«Бізге тең мүмкіндіктер қажет» – дейді елордалық жастар

Astana IT университетінде конституциялық реформалар бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабының мүше­лері елордалық жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Әлем • 19 Мамыр, 2022

Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?

Ертең Аустралияда парламент сайлауы өтеді. Саяси науқанға елдің қазіргі премьер-министрі Скотт Моррисон қатысып жатыр. Оның басты қарсыласы – Лейбористер партиясының белді мүшесі Энтони Албаниз. Бүгінде үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылып, сарапшылар болжам жасауда. Бірқатар сарапшы үміткерлердің сайлауалды бағ­дар­ламасынан халық шешім күткен өзекті мәселелер қалыс қалды дейді. Жалпы осы күнге дейін экономикасы мен экологиясы гүлденіп тұр­ған Аустралияның қазіргі жай-күйі мен халқының жағдайы қандай?

Референдум-2022 • 19 Мамыр, 2022

Халық белсенді болуы керек

Қазақстандық қоғамдық даму институтының пікірталас алаңында Sarap эксперттік клубының мүшелері «Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс» тақырыбы төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.