Қоғам • 05 Қазан, 2024

Халықаралық байқаушылар қызығушылығы жоғары

110 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен бес кездесу өткізді.

Халықаралық байқаушылар қызығушылығы жоғары

Нұрлан Әбдіров Беларусь Республикасы ОСК төрағасы Игорь Карпенкомен, Америка Құрама Штаттарындағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссияның вице-төрағасы Дональд Палмермен, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров бастаған ТМҰ байқаушылар миссиясының делегациясымен, Түркияның Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Чопур Али және Үркер Алимен кездесулер өткізді. Сондай-ақ Молдова Орталық сайлау комиссия­сының мүшесі Мирчей Катырэумен де кездесу өтті.

И.Карпенкомен кездесуде ОРК басшысы ТМД-ға қа­тысушы елдердің Орталық сайлау органдары бас­шы­ларының консультативтік кеңесіне төрағалық ету шең­берінде Беларусь ОСК-мен өзара іс-қимыл туралы сөз қозғады.

Д.Палмермен сөйлесе отырып, Н.Әбдіров Қазақ­стан­дағы сайлау үдерістерін алғаш рет АҚШ-тағы Сайлауға жәр­дем­десу жөніндегі комиссияның өкілі байқап отыр­ғанын атап өтті.

«Қазақстандағы демократиялық реформалар туралы толық ақпарат алғаныма ризамын. АҚШ үшін дауыс берудің ашық әрі анық болуы маңызды. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын әрі бұл – мен үшін референдумға қаты­­са отырып, Қазақстанның сайлауы мен референдумы бо­йын­ша жүйені жақсырақ зерделеуге үлкен мүм­кін­дік. Ре­ферендумға дайындық бірнеше айға созылды, көп жұ­мыс атқарылды. Елдеріміздің сайлау органдары ара­­­сын­да тәжірибе алмасуды жалғастыру үшін біз Қазақ­стан­­ның ОСК өкілдерін 2024 жылғы 5 қарашада АҚШ-тағы пре­зи­денттік сайлауды байқауға шақырдық», деді Д.Палмер.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы маңызды мәселелердің бірі – мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету. Ол Қазақстанда да бұл мәселелерге үлкен мән берілетіні туралы хабардар болғанын айтты.

ТМҰ-мен ынтымақтастық Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМҰ-на мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құру туралы бастамасын іске асыру аясында, сондай-ақ Түркия және Молдовамен екіжақты меморандумдарды іске асыру шеңберінде де жүзеге асырылады.

Кездесулерде Н.Әбдіров қонақтарды 6 қазанға белгі­ленген республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу барысынан хабардар етті, плебисцитті өткізуге қатысты кездесулерге қатысушылардың науқанның негізгі кезеңдері мен оның қорытындыларын шығару жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ОРК төрағасы елімізде халықаралық байқаушылардың сайлау науқандарына қатысуына, оның ішінде еліміздің демократиялық дамуын қолдаудың айғағы ретінде баса мән берілетінін атап өтті.

Кездесулерге қатысушылар науқанды ұйымдастыру­шылардың жоғары кәсіби дайындық деңгейін атап өтіп, дауыс беру күні объективті әрі бейтарап түрде байқауды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025