Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
557 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 21 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллект және құқық жүйесі

Қазір барлық сала жасанды интеллектіні зерттеп, тәжірибеге енгізіп жатыр. Мамандар оның заң шығаруға да айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтады. Десе де тәуекел тұстары да жоқ емес. Осы орайда Парламентаризм инс­титуты отандық және шетелдік сарапшыларды жинап, заң шығару үдерісіне ЖИ-ді енгізудің артықшылығы мен кемшілігін талқылады.

Сенат • 17 Қаңтар, 2025

Толыққанды инклюзивті орта қалыптастыру қажет

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату мәселесін қарады. Сондай-ақ депутаттар көру қабілеті бұзылған азаматтардың ақпарат алуын қолжетімді ететін құжатты ратификациялады. Отырыста өзге де мәселеге қатысты депутаттық сауал жолданды.

Әлем • 14 Қаңтар, 2025

Калифорниядағы өрт сейілмей тұр

Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Калифорнияның Төтенше жағдайлар қызметі осы аптада жел күшейіп, орман өртінің тез таралуына ықпал етуі мүмкін деп ескертті. Қатты өрт негізінен Пасифик-Палисейдс аймағындағы Брентвуд пен Бель-Эйр елді мекеніне қауіп төндіріп тұр. Бұл – көптеген америкалық жұлдыздың сарайлары орналасқан аймақ.

Әлем • 14 Қаңтар, 2025

Тұрақсыз әлемдегі тұрақтылықтың үлгісі

Әр жылдың қыркүйегінде БҰҰ дүниежүзілік Бейбітшілік күнін атап өтеді. Алайда қазір жаһандық қақтығыстар үрейлі қарқынмен өршіп бара жатыр. Ресей мен Украина арасындағы келіспеушілік екі жылдан аса уақыт бойы жалғасып келеді. Израиль-Палестина қақтығысы Ливанға, одан қалды Иранға, АҚШ пен оның одақтастарына да әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық та бар. Бұл әрине ірі державалар арасындағы қарама-қайшылықты, геосаяси бәсекелестік пен зорлық-зомбылықты күшейтіп, барлық аймақты тұрақсыздандырады. Қақтығыстардың өршуіне одан әрі жол бермеу үшін елдер өзара қарым-қатынастың басқа моделін қарастыруы керек. Бұған Қазақстанның ұстанып отырған саясаты мысал бола алады.

Басылым • 07 Қаңтар, 2025

Басқа басылымдардан: Реформа, дипломатия және жаһандық көшбасшылық

Қазақстандағы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуын қа­лып­тастыратын ішкі және халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін сөз етті.

Саясат • 07 Қаңтар, 2025

Президент сұхбатындағы басымдықтар байыпталды

Сенаторлар Президент мақаласында көтерілген мәселелерді өңір халқымен бірге талқылады. Олар қазақ тілін дамыту, цифрландырудың артықшылығы мен қаупі секілді өзекті тақырыптарды сөз етті.

Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2024

Алты ұйымның төріне шыққан жыл

Отандық және шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Азиядағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған платформа сияқты бастамалар арқылы аймақтық қауіпсіздікті ілгерілетіп жатыр. Сонымен қатар еліміз 2024 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Аралды құтқару халықаралық қоры және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына, жалпы 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті.

Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024

Қайрат Сарыбай: Азия кеңесін трансформациялау әлемдік ахуалдан туындады

Еліміз биыл бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етті. Соның бірі – Азия кеңесі. Негізі аталған кеңес Қазақстанның бастамасымен құрылды. Осы себепті ұйымның алғашқы төрағасы болды. Бұдан кейін төрағалық Түркияға, Қытайға, Тәжікстанға өтті. 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан кеңес төрағалығын екі жылға қабылдап, кейін мерзім тағы екі жылға ұзартылды. Басшылық жылдары көптеген маңызды іс тындырылды. Осы орайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай мырзамен сұхбаттасқан едік.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысына сенім жоғары

Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жылдың негізгі оқиғаларына талдамалық шолу жасады. Олардың айтуынша, ел тұрғындарының Президентке деген сенімі күшейген.

Жастар • 24 Желтоқсан, 2024

Қазақ тілін ту еткен «Ассамблея құрамасы»

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы этностар арасында мем­лекеттік тілімізді наси­хат­­тап, дамытуға үлес қосып келеді. Осы ретте «Жай­­дарман» ойындары­ның «Ассамблея құрамасы» Ұлт­­тық лиганың чемпионы атанды. Команда қа­зақ тілін­­де өнер көрсетіп, қазіргі буынға үлгі көрсетіп жүр.