Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
135 материал табылды

Жәдігер • 28 Ақпан, 2025

Баукеңнің маузері

Қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы жеке фотосуреттері мен қойындәптерін, әскери картасын және өзге заттарын музейге тапсыруды аманаттаған екен. Батырдың қойындәптері мен картасы елордадағы әскери музейде тұрса, қалған біршама жәдігер облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залына тапсырылған. Мұндағы жәдігерлердің бірқатары соғыс жылдарынан сыр шертеді.

Энергетика • 26 Ақпан, 2025

ЖЭК: Өңірдің жүйелі жобалары

Өңірдегі бірнеше ауданда жасыл энергияға көшу бағытында ауқымды жобалар атқарылып жатыр. Инвес­торларды тарту мен мемлекеттік деңгейдегі қолдаудың арқасында қазір облыста жалпы қуаты 571,3 МВт-ны құрайтын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр.

Қоғам • 25 Ақпан, 2025

Құмар ойын құрдымға кетіреді

Ойынханаға бір рет бас сұққан адамның құмар ойыннан бас тартуы тым қиын. Әлденеше жыл бұрын «Зенит», «Олимп», «Фортуна» секілді түрлі букмекерлік кеңселердің есігі келушілер үшін тарс жа­былса да, құмарлықтың құрбанына айналғандар онлайн ойынға кірі­сіп кетті. Ғаламтор арқылы логин ашып, қалтасындағы барын шашып, тақырға отырса да, лудомандардың саны азаяр емес.

Әдебиет • 25 Ақпан, 2025

«Менің сені тапқаным қандай бақыт!»

Әрбір шығармашылық адамының өзіне тән дара, даңғыл жолы бар. Әркім өзінің шығармашылық әлеуетін әрқилы көрсетіп жатады. Бір қарағанда, кез келген ақынды айшықтап, бөлектеп тұратын өлеңдері бар болғанымен, кейде біз өмірде де, шығармашылық айдынында да қатар жүзген жұпты бір-бірінен бөліп жара алмаймыз.

Несие • 21 Ақпан, 2025

Тауарлы несиенің шарапаты

Мемлекет басшысы Жолдауда өңірлерде тауарлық несие бағдарламасын енгізуді шегелеп тапсырған еді. Жобаның жемісті болуы үшін сала мамандары жанталаса жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерде мал басын көбейтуді мақсат еткен бағдарламаның шарапатын сезініп жатқан тұрғындар аз емес.

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Тараз шеберлерінің тартуы

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз шаһары үш жыл бұрын Дүние­жүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енді. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда соңғы жылдары халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Белгілі мамандар сол іс-шарада өзара тәжірибе алмасып жүр.

Өндіріс • 14 Ақпан, 2025

Медицина бұйымдарын шығаратын зауыт

Үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең алдымен, жергілік­ті жерлерде тиімді жұ­мыс жүргізілуі керек. Әкім­дер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс» деген еді. Прези­дент тапсырмасын орын­дау бағытында Жам­был өңірінде ауқымды жұмыс­тар атқарылып келеді.

Медицина • 12 Ақпан, 2025

Нәрестенің өмірін сақтап қалды

Тараз қалалық перинаталдық орталығында дүние дидарын көрген нәрестенің жағдайы мәз емес еді. Жағдайдың ушыққанын түсінген ата-ананың дегбірі қашты. Сәбидің дерті ауыр екенін түсінген дәрігерлер оны едел-жедел реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Отбасы • 12 Ақпан, 2025

Алимент өндірудің азабы

Отбасы – адамзат үшін ең басты құндылық. Алайда құрмет пен сыйластық, сенім мен махаббат ғайып бола бастағандықтан ба, шағын мемлекеттің шырқы бұзылатын жағдай азаймай тұр. Ажырасу – қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселе. Бірер жыл бұрын отау құрған жастардың үштен бірі арада аз уақыт өткенде некесін бұзып жататыны туралы деректі оқып, тіксініп қалғанымыз рас.

Жәдігер • 05 Ақпан, 2025

Мөржүзік

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында әр дәуірдің көзіне ай­налған жәдігерлер жеткі­лікті. Олардың бірқатары археоло­гиялық қазба жұмысы кезінде та­былса, ендігі бір бөлігін музейге қала тұрғын­дары арнайы тапсырған. Өлкенің ғана емес, тұтас түркінің тарихынан сыр шер­те­тін құндылықтар қай кезде де жергілікті тұр­ғындарды бейжай қалдырған емес.