Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
152 материал табылды

Аймақтар • 23 Мамыр, 2025

«Келешек мектептердің» қатары көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлердегі үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін түбегейлі шешуді көздейді. Президент аталған санаттағы білім нысандарының мәселесі 2025 жылы толықтай шешімін табуы тиіс екенін бірнеше жыл бұрын шегелеп тапсырғаны баршаға белгілі.

Әдебиет • 23 Мамыр, 2025

Мезгіл мақамы

Бақиға бет түзегенше ауылдан алыстамаған ол үшін үп еткен самал, шелектеп құйған жаңбырдың дыбысы, тау бөктерінің тылсымы таусылмас муза еді. Табиғаттың тамыршысына айналған ақынның өлеңдерінен эмоциялық көңіл күй ырғағы мүлде байқалмайтын. Қайта өлеңдері жаздың жылы жаңбырындай жанға жаймашуақ сезім сыйлайтын. Көбік сөзді сапырудан аулақ болған оның поэзиясынан байтақтың мөлдір де тұнық пейзажын көретінбіз.

Өнер • 20 Мамыр, 2025

Асқақ дауыс пен әннен жарыс

Қазақ ән өнерінің қара нары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты халықаралық әншілер байқауына биыл Қытай, Қырғыз Республикасы, Моңғолия елдерінен және еліміздің әр қиырынан «сен тұр, мен атайын» деу­ге лайықты үздік өнерпаздар қатысып, ән мерекесінің беделін арттырды.

Жәдігер • 16 Мамыр, 2025

Мұстахара

Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қорында ықылым заманның көзіндей болған жәдігерлер жеткілікті. Олардың едәуір бөлігі көне Тараз аумағында бірнеше жыл бойы жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған. Жүз жылдықтардан сыр шертетін жәдігерлер – өңір тарихының жылнамасы іспетті.

Күрес • 13 Мамыр, 2025

Әлем мықтыларымен бірге жаттықты

Талай байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған Нұржан Асанның алар асулары алда екені анық. Бразилияның Кашиас-ду-Сул шаһарында өткен жазғы Сурдлимпиялық ойындарда 77 килограмм сал­мақ дәрежесінде топқа тү­сіп, қола жүлде иеленген жам­был­дық грек-рим күресі­нің шебері бола­шақта тың биіктерді бағын­дыруды мақсат етіп отыр.

Өндіріс • 07 Мамыр, 2025

Алтын да өндіреді, демеушілік те көрсетеді

«Golden Compass Capital» АҚ Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы алтын өндіру жұмысын 2012 жылы бастады. Жылдар өте келе «Көк­қия» секілді бірқатар кен орындарының барлау блоктерінде барлау жұмысын жандандырды. 2019 жылы барлау блоктарын бөлу жө­нін­дегі конкурсқа қаты­сып, «Талдыбұлақ», «Вос­точ­ный», «Талдыбұлақ золотой», «Қайыңды» секіл­ді блоктарды барлауға арналған лицензия­ны иеленді.

Талбесік • 06 Мамыр, 2025

Көз жауын алған қыр қызғалдағы

Көктемнің бір кереметі – қызғалдақ. Қырдағы табиғи байлықты төрткүл дүниеге таныту мақсатында ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестиваліне әрісі Алмания мен Нидерланд, берісі Украина мен Қырғыз Республикасынан әйгілі ғалымдар келді. Қыр гүлінің тарихи отаны саналатын Қаратау бөктерінде өткен іс-шарада ұлттық құндылықтар ұлықталды.

Қоғам • 01 Мамыр, 2025

Медиасауатқа мән берген жиын

Қазіргі журналистика уақыт алға озған сайын өзгеріп жатыр. Жасанды интеллект әкелген жаңалықтар да қазақ журналистикасына соны леп әкелетіні рас. Медиадағы сауаттылық, кадр тапшылығы мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де күн тәртібінен түспей тұрғаны анық. Осы және өзге мәселелер М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» атты семинардың өзегіне айналды.

Өндіріс • 25 Сәуір, 2025

3 миллион тонна болат шығарады

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында ірі метал­лургиялық зауыттың құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру міндеті қытайлық «Fujian Hengwang Investment Co Ltd» мекемесіне жүктелген. Шаруа сәтімен орындалса, Шу бойынан жылына 3 млн тонна болат алынбақ.

Жоба • 24 Сәуір, 2025

Дарынды оқушылардың «Ақылды үйі»

Әулиеатада ізденіс ізіне түскен талантты оқушылар аз емес. Жаңа­шылдыққа жаны құмар білім алушылар ұдайы тыңнан түрен салуға тырысады. Өңірдің бірнеше ауданын қамтыған жер сілкінісі дарынды оқушыларға ой салған секілді. Нақтырақ айтсақ, дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің білім алушылары Кәусар Мырзалиева мен Назерке Қырманшиева ерекше үйдің жобасын әзірледі.