Балалар • Бүгін, 07:35

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жарқыра, Жаңа жыл!» тақырыбымен өткен шырша тойына Тараз қаласы мен облыс аудандарынан жалпы саны 100 оқушы қатысты. Олардың қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қал­ған, аз қамтылған және көпбалалы отба­сы­ның балалары бар.

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Мерекелік кеште ер­тегі кейіпкерлері балаларға жылы сөзін арнап, қызықты ойындар ойнатты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі сахнаны жадыратып, бірге Аяз ата мен Ақшақардың келуімен жаңажылдық ертегі одан әрі жалғасты. Сахнада «Аяз ата» әні шырқалып, Аяз ата ортаға қайта оралды. Балалар қуанып, мерекенің көрігі қыза түсті.

Аяз ата мен Ақшақар бас­тап шыршаның әсем шамдары жағылды. «Шырша жыры» әні шырқалды. Іс-шарада көңілді кешті балалармен бірге тамашалауға келген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ортаға шығып, балаларды құттықтап, сыйлықтар тапсырды.

Өңір басшысының қолынан бағалы сыйлық алғандардың қатарында Лиля Гузатова мен Арман Қалдыбек бар. Олар 80 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Мұндай сыйлық пен сертификат 100 баланың барлығына берілді. Облыс басшысы балалармен бірге естелік суретке түсті.

 

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар