
Қоғам • 20 Наурыз, 2025
Ән-күйлеріміздің әлемдік аясы кеңейеді
«Алтын қордағы» қазақтың ән-күй, жыр-терме, бесік жырлары мен ертегілері тура жүз жылдан соң, тұңғыш рет әлемдік онлайн платформаға қондырылды. Бұдан былай қазақтың төл өнерін қалта телефонына «Алтын қор», «Spotify», «Apple Music» сынды платформаларды жүктеп алып, тыңдай бересіз. Мысалы, мұнда осыдан жүз жыл бұрын, 1925 жылы Ақан серінің «Балқадишасын» шырқаған Әміренің дауысы бар, 1937 жылы Құрманғазының «Байжұмасын» Оқап Қабиғожиннің орындауында қондырған. Осындай мыңжылдық мұралар топтастырылған «Асыл мұра: 1500 тарихи аудиошығарма» жинағының таныстырылымы салтанатты жағдайда өтіп, оған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.
Кино • 12 Наурыз, 2025
Бұған дейін ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі кітап болып қолдан-қолға өткені белгілі. Кейін спектакль ретінде қойылғаны өз алдына, қазір көркем фильм еліміздің кинотеатрларын кезіп жүр және көрермен жақсы қабылдап жатқанын айта кеткен жөн.
Ән • 01 Наурыз, 2025
«Сүю деген бірге өлу деген сөз ғой, Ғашықтық деп өзгерткен кімдер оны?» Есенғали ақынның осы бір жыры үнемі есімде жүреді. Ал шынында сүю деген сөздің түп-төркініне жеткен жан аз ғой, аз. Өмір бойы көкейден кетпей жүрген осы сұрақтың жауабын мен, әрине, әннен, ән болғанда да халық әндерінен табам-ау деп ойламаппын.
Мирас • 26 Ақпан, 2025
Француздарды қазақ тарихымен таныстырады
Париждегі Эмиль Гиме негізін қалаған Азия өнерінің ұлттық музейі жыл сайын әлемнің түрлі елінің тарихын таныстырады. Бұған дейін Тәжікстан (2021), Ауғанстан (2022), Жапония (2023) мәдени мұрасын паш еткен музей биыл Қазақстанның тарихи қазыналарын жинақтап отырғаны белгілі. Ол туралы француздың geo.fr сайтында: «Орталық Азияның аз зерттелген алып мемлекетінің таңғажайып тарихы» атты мақала да жарияланыпты.
Әдебиет • 25 Ақпан, 2025
Адамзат жүрегінің алтын сағаты
Бұрындары Қасымның «Абдолла» дастаны деп аталатын. «Ақын өлімі туралы аңыз» деген сөз тақырыпша ретінде жақшаға алынатын. Кейіннен ғайыптан тайып Қ.Аманжоловтың осы поэмасының тақырыбы жоғалып, «Ақын өлімі туралы аңыз» деген жақшаға алынған түсінік тақырып болып шыға келді. Ақынның бұл шығармасына тоқталмаған әдебиетші, сыншы жоққа тән шығар. Сондықтан жаңалық ашайын деп отырғанымыз жоқ. Алайда Абдолла туралы айтпай кетуге бола ма?
Әдебиет • 21 Ақпан, 2025
Балуан шолақтың «Ғалиясын» Әміре Парижде шырқады ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Олай дейтініміз, өткенде өнер зерттеушісі Рүстем Нүркенов Сәкен Сейфуллиннің «Ақан сері» атты өлеңінен серінің екі бірдей әні Парижде шырқалғаны жөнінде деректі алға тартқанын оқыдым.
Кино • 20 Ақпан, 2025
Әлем талғамындағы «Әбіл» фильмі
Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция) жеңіспен аяқтап, бірден үш бірдей мәртебелі марапатқа ие болды.
Руханият • 07 Ақпан, 2025
Шынында да, бодан елдің баласының басында қандай бақыт бар деп ойлауыңыз мүмкін ғой. Ал асылында мүмкін еместің көбі тығырыққа тіреліп, бәрі бітуге айналғанда барып үміт сәулесінің шеті көріне бастайтынын өмірлік мысалдар айғақтайды. Бұл туралы тамаша тәмсілдер Пауло Коэлоның «Алхимик» романында да әдемі суреттеледі. Қой бағып, қиялы қай жерден қоңырау қақса, сонда жүгірген бақташы баланың өмірі барлық мүмкіндік түгесілген жерден басталушы еді ғой және құлап қайта тұрулар қайталанып отырады. Атақты туындымен қатар, Нобель сыйлығын еншілеген бірнеше романды қазақ тіліне тәржімалаған қаламгер-аудармашы Марал Хасеннің шығармашылық еңбегі мен телегей білімі туралы қазір әңгімелей алатын екі қазақ болса, соның бірі – әріптес ағамыз, белгілі журналист Жомарт Оспан екенін айтқымыз келеді.
Ән • 05 Ақпан, 2025
Еріксіз байлап-матап қоятын нәрселер болады. Біреулер құбылыс, тылсым деп жатады. Өтіп бара жатып кілт тоқтайсың да, арбалып тұрып қаласың. Мәселен, «Менің атым – Қожа» немесе «Тақиялы періште» сынды фильмдерге әлі күнге «қадалып» қалатынымыз бар. Тура сол сияқты эфирде «Дариға-дәурен» әні қалықтаған жылдары да әлгіндей күйді талай кешкенбіз. Иә, ақын Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әні «Дариға-дәуренді» Рамазан Стамғазиев орындағанда еріксіз мойын бұратынбыз. Ән баурап, өзіне байлап-матап алатын. Өнер деген осы да.
Руханият • 24 Қаңтар, 2025
«Мен бір жұмбақ адаммын» деп хакім Абайдың өзі айтыпты. ХХ ғасырда туған Тәкен Әлімқұловтың абайтануға қатысты соқталы еңбегі де «Жұмбақ жан» аталыпты. Бір жоқты бір жоқ табады дегендей, сіз жұмбақтың сырын жұмбақ ашады дегенге қалай қарайсыз? Абай әлемін оқытқан өз алдына, сөзжұмбақ, ребус сынды ойландыратын дүниелер арқылы ынтасын оятса қайтер екен? Баланың ынта-ықыласын оятарға бұл да бір көмекші құрал емес пе? Оған Абай әлеміне бастайтын матаусөз (кроссворд), бағдарсөз (сканворд), сөзден сөз (анаграмма), сан сөз (криптограмма), тізбесөз (чайнворд) қайда дайын тұрған деуіңіз де мүмкін ғой. Бар, тіпті жеткілікті. Тұтас Абай әлеміне жетелеп, ойландыратын сөзжұмбақтардың неше атасы топтастырылған кітаптар кімді болсын бейжай қалдырмауға тиіс. Алайда авторы осы дүниелері ел арасына таралса, «бәлкім оқырмандар қажетіне жаратар ма еді?» дейді.