Кино • Бүгін, 07:35

Кино әлеміндегі жетістіктер

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі биыл киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді. Фильм прокаттан 1 миллиард теңгеден астам табыс жинады.

Кино әлеміндегі жетістіктер

Туынды мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарып қана қоймай, оны бес есе арттырды. Бұл жетістік мемлекеттік қолдау­дың нәтижелі болғанын айқындап, көрерменнің отандық киноға деген сенімін нығайта түсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұлар фильмдерді прокатқа дейінгі сараптау рәсімін жетілдіруге және ұлттық фильмдердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – «Қазақ­фильм» киностудиясына мемлекеттік қолдаудың қайта жандануы. Ұжым қазақ киносының Алтын қорын қалпына келтіріп жатыр.

«Qaitadan» фильмінің режиссері Думан Еркімбек мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.

«Qaitadan» фильмі Ақтауда өткен «Қорқыт ата» фестивалін ашты. Сонымен қатар Римде өткен Қазақстан киносы апталығының бірінші күні көрсетілді. Бұдан бөлек, жас режиссерлер мен продюсерлерге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы аясында Қытайда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым. Мемлекеттік қолдау қазақ киносының жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді», деді ол.

Отандық «Бауырына салу», «Шатырдағы екеу», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Побе­дителей видно на старте» және басқа да фильм­дер АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Қытай және өзге елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерге ұсынылып, 30-дан астам беделді марапатқа ие болды.

Актер Бақыт Қажыбаевтың жетістігін де ерекше атап өткен жөн. Ол ШЫҰ елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясын иеленді. Фестиваль Қытайдың Чунцин қаласында өтті, онда актер «Набат операциясы» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.

Қазақстан киносының күндері 15-тен астам елде өтті. Атап айтсақ, Грекия, Қырғызстан, Албания, Франция, Норвегия, Италия, Чехия, Жапония, Түркия, Сингапур, Әзербайжан, Ресей, Бельгия, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерде отандық кино көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53