
Білім • 18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан инженерлік білімнің жаңа дәуіріне аяқ басты
Еліміздің ғалымдары мен инженерлерінен құралған топ кадр даярлаудағы интеграциялық үдерісті зерделеу үшін Оңтүстік Кореяда болды. Мамандар алғашқы сапарында корейлердің машина, автомобиль жасау бойынша кәсіптік оқытуды қалай ұйымдастыратынын көріп қайтты. Ал екінші сапар құрамында Теміртау, Рудный қалаларының индустриялық университеттері мен Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, сондай-ақ «ERG» және «Qarmet» қызметкерлері бар делегация металлургия саласындағы озық тәжірибемен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 18 Желтоқсан, 2024
«ISSAI KAZ-LLM» үлкен тілдік моделі әзірленді
Nazarbayev University-дің (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері оқу орнында өткен брифингте нейрондық желі негізінде әзірленген «ISSAI KAZ-LLM» қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды. Бұл жоба – отандық жасанды интеллектінің әлемдік аренадағы ықпалдастығын арттырудағы маңызды кезең саналады. Қысқаша айтқанда, қазақ тіліндегі «ChatGPT»-дің негізі деуге келеді.
Тарих • 18 Желтоқсан, 2024
Желтоқсан көтерілісін басып-жаныштау кезінде «ерлік пен құрметке бөленгендер» жетіп артылады. «Ерліктің» ең үлкені Қызыл Жұлдыз орденіне ие болыпты.
Зерде • 18 Желтоқсан, 2024
Бейбіт жастарға қару кезенбеген генерал
Өмірі өнеге тұлғалар туралы айтылмаса, ол тарих алдындағы қиянат болар еді. Бұл мақаламыз – кезінде әскерді халыққа айдап салу туралы Кремльдің бұйрығын орындаудан бас тартқан генерал туралы. Ол – бүгінде Мәскеуде тұратын 89 жастағы генерал, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, әскери ғылымдар докторы Владимир Николаевич Лобов.
Егемен Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2024
Сүйікті «Егеменімнің» 105 жылдық белесі қарсаңында күнделіктерімді парақтап көргенімде, біраз жайтқа қайыра қаныққандай болдым. Сол жазбаларымның қысқартылған нұсқасын оқырмандарыммен бөлісіп отырмын.
Тұлға • 18 Желтоқсан, 2024
«Максимова танцует вновь!». Студент кезімізде «Советская культура» газетінің бірінші бетіне айқайлатып берілген осы тақырып әлі күнге көз алдымда. Үлкен театрдың прима-балеринасы Екатерина Максимова отбасын құрып, нәрестелі болып, бірер жылға сахнадан қол үзген екен. Қазақы ұғыммен қайырсақ, баласы қарақұлақтанып, өзінің құлын мүсіні қалпына келгеннен кейін әлемге әйгілі биші атақты театрдың төріне қайта шыққан көрінеді. Максимованың қайта билеуі ел мәдениеті үшін қандайлық мерей болатынын, ондай адамдардың орны бөлектігін жаңағы тақырып та, бірінші бетке берілуі де, әуеде қалықтап бара жатқандай әсер қалдыратын керемет фотомен көмкерілуі де келісті көрсетіп тұр еді.
Сараптама • 18 Желтоқсан, 2024
Әйел мәртебесі: Кешеден бүгінге дейін
«Қыздың жолы – жіңішке» дегендей, халқымыз қашанда қыз баланың тәрбиесіне, оның өсіп-өнуіне, отбасы мен қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөлген. Еліміз дәстүріміздегі осынау бай рухани мұраға арқа сүйеп, заман талабына сай қыз-келіншек, әйелдердің өз әлеуетін барынша ашуына мүмкіндік туғызатын саясат жүргізіп келеді.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті – этносаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Tik-tok тренд немесе төрт аяқтыға табынғандар
Жан-жануарларға еліктеп, төрт аяқтының кейпіне еніп, тірлік кешіп жүрген жасөспірімдер көбейді. Бұл – Tik-tokтан басталған жаңа тренд. Еліктеушілер қоғамдық орындарда көзге көп түсе бермегенімен, мегаполистерде арагідік бой көрсетіп жүр. Оны әлеуметтік желілерден байқап қаламыз. Содан кейін де қоғамның қызу талқысына түсті.
Аңдатпа • 18 Желтоқсан, 2024
20 желтоқсан - Ертегілер елінде Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұ.Ахметовтің «Смурфиктердің бастан кешкен оқиғасы» ертегісі ұсынылады. Режиссері – Ұ.Ахметов.