
Білім • 24 Сәуір, 2025
Шалқар қаласында ағылшын тілін оқып үйренуге ынталы оқушылардың қатары көбейіп келеді. Олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, білімін шыңдауда «Akzer_english» оқу орталығының қолдауы көп. Былтыр осы орталықтың оқушылары Түркия елінде өткен жарыстан жүлделі орынды иеленіп қайтқан еді.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Зиялыларды толғандырған жастар тәрбиесі
Білім мен тәрбие – жас ұрпақтың биікке самғауына мүмкіндік беретін қос қанат. Осы тұғырды берік ұстанған қоғам ғана болашаққа нық қадам басады. Өйткені ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қандай тәлім мен тағылым алатынына тікелей байланысты. Сондықтан жастардың жан-жақты дамуына жол ашып, олардың бойында отаншылдық, мемлекетшілдік және адамгершілік қасиеттерді орнықтыру – әрқайсымыздың парызымыз. Негізі мұның бәрі адал азамат ұғымына саяды.
Ғылым • 24 Сәуір, 2025
Астана қаласында өткен «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты мектеп оқушыларының ІІІ Халықаралық ғылыми форумы дарынды балалардың жетістігін таныстырумен қатар, болашақ ғылыми кадр даярлау ісі мектептен басталатынын көрсетті.
Саясат • 24 Сәуір, 2025
Хорватия – Еуроодақтағы еліміздің ірі сауда серіктесі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті.
Саясат • 24 Сәуір, 2025
Парламентаралық қарым-қатынас беки түседі
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ-хорват бизнес форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті.
Өшпес даңқ • 24 Сәуір, 2025
Махамбет ауылында тұратын Есенғалиевтер отбасы жыл сайын Жеңіс күнін ерекше толғаныспен қарсы алады. Сол күні ауыл сыртындағы әкенің бейітіне барып, рухына Құран бағыштайды.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Сүйікті ақыным Оңайгүл Тұржан туралы жазуға отырған бойда есіме Марина Цветаеваның «Владимир Маяковский мен Борис Пастернак» атты эссесі түсті: «Сколько читателей у Пастернака – столько голов. У Маяковского один читатель – Россия. В Пастернаке себя не забывают: обретают и себя, и Пастернака, то есть новый глаз, новый слух. В Маяковском забывают и себя, и Маяковского». Марина Цветаева айтқан осы ақиқатпен келіспеу мүмкін емес. Шынында да, халық Маяковскийді жамырап оқудан жалықпаған. Ал Пастернакты тұнық поэзияны өзінің бойтұмарындай ардақтай білетіндер орманда отырып жасырынып оқыды.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Руханият • 23 Сәуір, 2025
Бакуде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының латын қарпіндегі жаңа басылымы таныстырылды
Бүгін Бакудегі Ататүрік орталығында Түркі Академиясының бастамасымен жарық көрген Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының («Абай жолы» романының алғашқы екі бөлімі) әзербайжан тіліндегі жаңа басылымы таныстырылды. Айта кету керек, роман-эпопеяның ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы аясында жарық көріп отыр.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Абай Эндаумент қоры - ұлтымыздың болашағына жасалған инвестиция
Абай атындағы ҚазҰПУ - отандық педагогикалық білім мен ғылымның бастауында тұрған еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны. Университет өзінің ғасырға жуық тарихында мыңдаған мұғалімдер мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлап, Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Білім ордамыз бүгінде сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырып, еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастаған «Ұстаздар ұстаханасына» айналды.