
Сенат • 20 Сәуір, 2023
Тұрмыс сапасын арттыру ерекше бақылауда
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында Президентіміз жуырда өткен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы саяси реформалардың маңызды кезеңі болғанын айтты. Осылайша, билік тармақтарының тепе-теңдігі орнықты.
Білім • 20 Сәуір, 2023
Сапалы білім – ел дамуының діңгегі
Қоғамның даму көрсеткіші білім саласының деңгейіне байланысты екені белгілі. Сондықтан білім саласына келгенде әуелі қоғамды бай-кедей деп жік-жікке бөлмей, білім алуына теңдей мүмкіндік қарастыру қажет деп есептеймін. Білім қазіргі заманға сай болса, онда келешекте жас өскіндеріміз бәсекеге қабілетті болып жетіледі. PISA халықаралық зерттеуіне үңілсек, кейінгі 10 жылдың көлемінде еліміз орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан аспаған. Мұның салдарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте тарқатып айтып берді.
Саясат • 20 Сәуір, 2023
Андрей Чеботарев, қаржы сарапшысы: Алдағы міндет – «Орташа табыс тұзағынан» құтылу
Мемлекет басшысы экономиканың өсімі туралы айта келіп, соңғы 10 жылда еліміздің «орташа табыс тұзағына» түсіп қалғанын айтты.
Бизнес • 19 Сәуір, 2023
Бизнес тек адал ортада гүлденеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте экономиканы монополиядан арылту мәселесіне ерекше тоқталды.
Экономика • 19 Сәуір, 2023
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы: Дәулеттің басы – сапалы экономика
Президент табиғи рентаның бұдан былай халық әл-ауқатының тұрақты көзі болмайтынын атап өтті.
Егемен Қазақстан • 19 Сәуір, 2023
Жанар-жағармай қаншалықты қымбаттады?
Қымбатшылық қос бүйірден қысып, қараша халықтың қалтасына кәдімгідей салмақ түсіре бастады.
Ғылым • 19 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында «барлық уақытта дамудың басты кілті ғылым болып саналғанын» атап өтті. Бұл тезис қарапайым болса да, егжей-тегжейлі негіздемені қажет етеді.
Туризм • 19 Сәуір, 2023
Туризмге серпін беретін бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды мәселені ерекше атап өтті. Соның ішінде Үкімет пен Парламентке туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс екенін жеткізді.
Әлем • 19 Сәуір, 2023
2023 жылғы жасанды интеллект индексі
Жақында жасанды интеллект индексі бойынша «Artificial Intelligence Index Report 2023» атты есеп жарияланды. Мұнда жыл сайын салыстырылған, талданған жаңа деректер ұсынылады. Бұл – Стэнфорд университетінің Адамға бағытталған жасанды интеллект институтының (HAI) жеке бастамасы. Бұл жасанды интеллектіні жауапкершілікпен және этикалық тұрғыдан дамыту мақсатында маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Пікір • 18 Сәуір, 2023
Дүниеден көшкенімен көз алдыңнан жарқын да жылы жүздері кетпейтін, санадан көңілдері мен ықылас ниеттерінің іздері өшпейтін Бәйкен аға Әшімов, Әбіш Кекілбаев, Кенжеғали Сағадиев, Мақтай Сағдиев, Кәкімбек Салықов сынды қазақтың алыптары өз тіршіліктерінде Светлана Жалмағанбетованы «Света», «Светажан» деп өз қыздарындай еркелете айтатын сәттері қазір сағынышқа айналды.