Үкімет • 18 Тамыз, 2023
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты. Сондай-ақ өңір тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Пікір • 18 Тамыз, 2023
Жауапкершіліктің межесі мен мекені
Шекара шебі – бір бөлек тылсым дүние. Алайда уақыт озған сайын шекараға төнген қауіп пен қатердің де келбеті де өзгерді. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан технологиялармен қатар шекара кеңістігіндегі заң бұзушылық та мың құбылды. Ұлы дала батырларының бүгінгі ізбасарлары – шекарашылардың мойнына артылған жүк әсте жеңіл емес.
Тәрбие • 18 Тамыз, 2023
Әлемдік қауымдастықта орнымыздың айшықты болуы ұлтымыздың заманауи талаптарға жауап беретін сапасына тікелей қатысты. Ұлтымыздың жаңаша болмысының қалыптасуында білім мен тәрбиенің орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі отбасы, білім мекемелері және жұртшылықтың өзара үйлесімді жұмыстарының тиімділігімен өлшенеді.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Қоғамның тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын, бір мұқтаждың кәдесіне жарасақ деген ақеділ ниеттегі педагогтер «Жүректен жүрекке» атты еріктілер қозғалысын құрып, талай игілікті іске ұйытқы болып келеді. Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі жанынан құрылған қозғалыс балалар үйінде бірнеше іс-шара ұйымдастырып, қаланың экологиялық мәселесін реттеуге де белсенді атсалысып жүр.
Тарих • 17 Тамыз, 2023
Тарихи сана-сезім қалай жаңғырады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайдағы сөзінде жаңа құндылықтарды орнықтыратын 8 бағытқа тоқталды. Бұл-ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың бүгінгі темірқазығы.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Парламент Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы Сырым ауданының ақсақалдар және ауыл тұрғындарымен кездесуде өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Тұлға • 17 Тамыз, 2023
Кешегі ҚазМУ, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Тұрсекең – Тұрсынбек Кәкішев өмір бойы «Біздің ҚазМУ» деумен өтті. ҚазМУ-ына ешқандай оқу орнын теңгермейтінін ашық айтты да, жазды да.
Егемен Қазақстан • 17 Тамыз, 2023
Қоғам • 16 Тамыз, 2023
Мына өмірде адамдар арасында мейірімділік, бауырмалдық, қарапайымдылық, жанашырлық, бір-бірін қолдау деген азайып, бұлыңғырланып бара жатқандай. Олардың орындарын менмен, өзімбілгіш, тәкаппар, қатігез, дүние қуған, тек пайда тауып, ақша жинауды мақсат еткен тойымсыз жандар басып бара жатқандай сезімде боламын. Неге бұлай болды? Қазіргі қоғам адамзатты қайда алып барар екен?
Қоғам • 16 Тамыз, 2023
Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі. Жақында осы тақырыпты жіті зерделейтін, төрт жылда бір рет жарық көретін «Әлеуметтік институттар мен гендер индексінің» жаһандық есебі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 179 елді қамтитын осы зерттеуіне сүйенсек, гендерлік әділдікке қол жеткізу үшін әр ел үкіметі жәбірлеуші көріністерді гендерлік теңдік нормаларына айналдыруы керек.